05 Қазан, 2023 Жаңалықтар
0  

Қазақстанда 11,7 млн тонна астық бастырылды

Минсельхоз Зерновые Жатва Растениеводство
Қазақстанда 11,7 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда 12,6 млн га астық немесе егін жинау алаңының 72,7% жиналды. Орташа өнімділік 9,3 ц/га құрайды, осы кезеңде 11,7 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда майлы дақылдар 352,7 мың тонна, картоп – 2,1 млн тонна, көкөністер – 3,2 млн тонна, ал бақша дақылдары - 2,8 млн тонна.

АШМ-де өткен Жедел штаб отырысында атап өтілгендей, бірінші кезектегі міндет келесі жылдың егініне тұқым себу болып табылады. Жоспар бойынша 1,9 млн тонна дәнді дақылдар тұқымы әзірге 935,5 мың гектарға себілді.

Ағымдағы жағдайды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге литріне 250 теңге бағамен дәнді және майлы дақылдарды кептіруге жеңілдікті дизель отынының қосымша көлемі бөлінді. Жоспар бойынша МӨЗ-ден шамамен 62,5 мың тонна дизель отыны жөнелтілетін болады.

Бұдан басқа, өңірлік қаржы институттарымен фермерлер үшін айыппұл санкцияларынсыз несиелерді ұзарту мәселесі жеке тәртіппен пысықталуда. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Ысқақовтың ақпараты бойынша, 33 ауыл шаруашылығы өндірушісі 2,3 млрд теңге сомаға қарыздарды ұзартуға өтінім берген. Қолайсыз ауа-райынан зардап шеккен басқа қарыз алушылар тарапынан шарттар, ұсынылатын құжаттар тізбесі және міндеттемелерді қайта құрылымдау рәсімдері мәселелері бойынша өтініштер түсуді жалғастыруда.

Сонымен қатар, Азық-түлік корпорациясының желісі бойынша фермерлердің форвардтық сатып алу және тауарлық несие бойынша міндеттемелерін орындау мерзімдерін ұзарту үшін өлшемшарттар әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Компанияның Басқарма төрағасының орынбасары Дархан Даутовтың айтуынша, мерзімін ұзарту шарттары жақын арада жарияланатын болады.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
20 Нау 2026
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Бройлер балапандары
Етті
Етті
Теңге қолма-қол
бас
450 тг
Сату
20 Нау 2026
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Несушка Балапан Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Теңге қолма-қол
бас
1 500 тг
Сатып алу
20 Нау 2026
Т«
ТОО «Prestige Astyq Trade»
Акмолинская обл элеватор Жасыл
Қоңыр зығыр Закуп льна
ЖШС ШҚ
ЖШС ШҚ
Келісуге болады
Сату
20 Нау 2026
ДИ
Диана
Кокшетау, Казахстан
Көк жасымық Продаю зеленую чечевицу (тарелочная)
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
Келісуге болады
Сату
19 Нау 2026
МЕ
Менеджер
Караганда, Казахстан
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Автомобильные и вагонные (ЖД) весы
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
ҚҚС-пен теңге
дана
8 500 000 тг
Біздің серіктестер