Қазақстанда 19 қыркүйекте 9,1 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 14,7 ц/га болған кезде 13,5 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, бидай 6,8 млн га алқапта жиналды, өнімділігі 14,1 ц/га кезінде 9,7 млн тоннаға жуық бастырылды. Арпа 1,5 млн гектарға жиналды, өнімділігі 16,5 ц/га болғанда 2,5 млн тонна бастырылды; сұлы – 133,1 мың га, өнімділігі 15,6 ц/га болғанда 207 мың тонна бастырылды.
Майлы дақылдар орташа өнімділігі 11 ц/га 136 мың га алаңнан жиналды, 150,3 мың тонна бастырылды.
Сонымен қатар, 57,1 мың га алқаптан 257,5 ц/га өнімділікпен 1,5 млн тоннаға жуық картоп жиналды. Көкөніс дақылдары 87,7 мың гектардан жиналды, өнімділігі 243,3 ц/га кезінде 2,1 млн тоннадан астам жиналды.
Бақша дақылдары 93,5 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 258,8 ц/га, жалпы алым 2,4 млн тоннадан асты.
Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың басқа техника жұмылдырылды.
Үстіміздегі жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда үш есе көп.