19 Қыркүйек, 2023 Жаңалықтар
0  

Форвардтық сатып алуды қаржыландыруға Ауыл шаруашылығы министрлігі 20 млрд теңге сұрады

Минсельхоз Продкорпорация Зерно Финансы Субсидии
Форвардтық сатып алуды қаржыландыруға Ауыл шаруашылығы министрлігі 20 млрд теңге сұрады

Азық-түлік корпорациясы форвардтық келісімшарттар бойынша астықты жеткізу мерзімін 1 қарашаға дейін ұзартады, сондай-ақ нарықтық бағамен сатып алуға қаржы алады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында белгілі болды.

"Фермерлердің негізгі өтініштерінің бірі Азық-түлік корпорациясының азық-түлік және жемдік астықты тікелей сатып алуын жүргізу болып табылады. Нарықтық бағамен сатып алуды жүзеге асыруға 20 млрд теңге қажет", - деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Ол сондай-ақ Азық-түлік корпорациясы желісі бойынша форвардтық келісімшарттар бойынша астықты жеткізу мерзімі ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін ұзартылғанын хабарлады.

Сонымен қатар, өңірлерде арнайы құрылған комиссия жұмысының қорытындысы бойынша "Бәйтерек" Холдингі мен Азық-түлік корпорациясының қаржы институттарына ауыл шаруашылығы өндірушілерінің несиелерін ұзарту мәселелерін жеке тәртіппен пысықтау тапсырылды.

"Мұнда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін айыппұл санкцияларын қоймай ұзарту қажеттілігі маңызды факторлар болып табылады. Осыған байланысты, Министрлік "Бәйтерек" Холдингімен бірлесіп бюджеттік несиені қайта құрылымдау мәселесін шешу үшін қажетті рәсімдерді жүргізу бойынша жұмысты бастады", - деді АШМ басшысы.

Сондай-ақ, субсидиялар төлеу мәселесі шешілуде. Әкімдіктердің деректері бойынша субсидиялаудың барлық бағыттары бойынша фермерлер алдындағы міндеттемелерді жабуға бюджет қаражатына қажеттілік 155,5 млрд теңгені құрайды. Айдарбек Сапаров атап өткендей, фермерлерге субсидияларды толық көлемде төлеу оларды несиелер мен жалақы бойынша өтеуге қаражатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Қаржы, Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктеріне АӨК субсидиялауға қосымша қаражат бөлу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ азық түлік және жемдік астықты жаңа егінді тікелей сатып алу үшін Азық түлік корпорациясының жарғылық капиталын ұлғайту мәселесін пысықтау тапсырылды.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Ищу исполнителя
Кеше
КУ
Куаныш
-
Установка и монтаж оборудования Ищу поставщиков оборудования для МТФ
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ
Келісуге болады
Сату
01 Ақп 2026
ПР
Продавец
Кокшетау, Казахстан
Сүтті табынның жас ІҚМ Оптом и в розницу Плем телята телочки и бычки
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
200 000 тг
Сату
01 Ақп 2026
ДА
Данил
Аршалы, Акмолинская область, Казахстан
Етті табынның жас ІҚМ Продам Крупный рогатый скот КРС
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
100 000 тг
Сатып алу
29 Қан 2026
Azamat
Караганда, Казахстан
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары Куплю овес семена сорт Скакун
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Келісуге болады
Предоставляю услуги
29 Қан 2026
MY
Mukayev Yerkin
-
Перевозки автотранспортом УСЛУГА-🌾🌾Зерновоз Шакман 🚚 с прицепом ( боковал )
Келісуге болады
Біздің серіктестер