ҚР Президенті 6 ақпанда Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Олжас Бектеновті елдің премьер-министрі етіп тағайындады. Сондай-ақ, үкіметтің жаңа құрамы құрылды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы министрі лауазымына Айдарбек Сапаров тағайындалды.
Мемлекет басшысының жарлығымен премьер-министрдің алты орынбасары тағайындалды. Оның ішінде: Роман Скляр - премьер-министрдің бірінші орынбасары; Серік Жұманғарин - премьер-министрдің орынбасары; Ғалымжан Қойшыбаев - премьер-министрдің орынбасары – ҚР Үкіметі Аппаратының басшысы; Мұрат Нұртілеу - премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі; Тамара Дүйсенова - премьер-министрдің орынбасары болып қайта тағайындалды.
Нұрлан Байбазаров премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол "Бәйтерек" холдингінің Басқарма төрағасы болған.
Сонымен қатар, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкіметтегі қызметтерін сақтап қалды.
Айдарбек Сапаров 1966 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Әр жылдары "Азық-түлік корпорациясы" АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінде, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша АШМ аумақтық инспекциясында жұмыс істеді. СҚО Шал ақын және Мағжан Жұмабаев аудандарының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.
2019-2022 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі болып жұмыс істеді.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап ауыл шаруашылығы министрі болып табылады.