04 Қыркүйек, 2023 Жаңалықтар
0  

АНК фермерлерді қосымша 40 млрд теңгеге қаржыландырады

Финансы Аграрная кредитная корпорация
АНК фермерлерді қосымша 40 млрд теңгеге қаржыландырады

Аграрлық несие корпорациясы жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өндірушілерін 300 млрд теңгеден астам қаржыландырды, бір жылға арналған жоспар 330 млрд теңгені құрады. Жыл соңына дейін фермерлерді қолдауға қосымша қаржыландыру бағытталатын болады. Бұл туралы АНК баспасөз қызметі хабарлады.

"Фермерлердің агробизнесті дамытуға (негізгі құралдарды сатып алу, мал басын ұлғайту, айналым қаражатын толықтыру және т.б.) уақтылы қаржыландыруға өсіп келе жатқан қажеттіліктерін назарға ала отырып, "Агробизнес" бағдарламасы бойынша 40 млрд теңгеден астам қарыз ресурстарын қосымша бөлу жоспарлануда", - деп хабарлады Корпорация.

Бұл бағдарлама өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын және қайта өңдеуді дамытуға несие беруге бағытталған. Несиелер тартылған коммерциялық және меншікті қаражат есебінен беріледі, субсидиялауды ескере отырып, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% құрайды.

"Агробизнес" бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 143 млрд теңге сомасына несиелер беру жоспарланған болатын, бірақ іс жүзінде 140,4 млрд теңге берілді. Осылайша, 3 мыңнан астам фермерге қолдау көрсетілді.

Қаражаттың жоспардан тыс көлемі бұрын келіп түскен және қаралып отырған аграрлардың өтінімдерін несиелеуге бағытталатын болады. Тағы 2 мыңға жуық фермерді қаржыландыру жоспарлануда.

Алдын ала бағалау бойынша қосымша қаражатты ескере отырып, қаржыландырудың жылдық көлемі 2022 жылғы көрсеткіштен асып, шамамен 370 млрд теңгені құрайды.

Аграрлық несие корпорациясы "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді. Корпорацияның жұмысы жеке қаржы институттарын тарту және АӨК субъектілерінің құзыреттерін арттыру арқылы қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін қалыптастыру жолымен республиканың агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытуға жәрдемдесуге бағытталған.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
05 Мам 2026
77
77079083821
Аксай, Западно-Казахстанская область
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам КРС
Теңге қолма-қол
бас
18 000 000 тг
Сату
05 Мам 2026
ER
Erdaulet
Шымкент
Күнбағыс күнжарасы Подсолнечный шрот
1000+ 10 000+ 1 000 000+
1000+ 10 000+ 1 000 000+
Келісуге болады
Сатып алу
02 Мам 2026
МB
мельница BEST KOSTANAY
Костанай
Бидай 3 сын Покупаем пшеницу от СХТП на мельницу
АШТӨ
АШТӨ
Келісуге болады
Сатып алу
02 Мам 2026
БА
Баке
Акмолинская , недалеко от Астаны
Бидай 3 сын Пшени
Желімтек 25%
Желімтек 25%
Келісуге болады
Сату
02 Мам 2026
НУ
Нурман
Казахстан
Арпа Продам ячмень в мешках
Келісуге болады
Біздің серіктестер