29 Қараша, 2024 Жаңалықтар
0  

АНК егіс жұмыстарын қаржыландыруды бастады

Финансы Аграрная кредитная корпорация Посевная 2025
АНК егіс жұмыстарын қаржыландыруды бастады

Аграрлық несие корпорациясы 29 қарашада "Кең дала 2" бағдарламасы бойынша қаржыландыруды ашты. Корпорацияда 684 фермерден шамамен 82 млрд теңге сомаға өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды. Бұл ретте 176 өндірушіден өтінімдер жұмысқа қабылданды, ал 508 фермерден 59,9 млрд теңге сомаға өтінімдер "құжаттар жинауда" мәртебесінде тұр, деп хабарлады АНК баспасөз қызметі.

Корпорацияның мәліметінше, өтінімдердің ең көп саны СҚО мен Қостанай облысының фермерлерінен түскен.

"Кең дала 2" бағдарламасы бойынша жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5% деңгейінде сақталды. Мемлекеттік қолдау тетігіне сәйкес бағдарлама бойынша қарыз сомасының 85% "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдік береді.

"Үстіміздегі жылдан бастап алғаш рет қаржыландыру көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын (КДЖжЕЖ) жүргізуден бұрын басталады. Бұл дегеніміз, фермерлер тұқымдар мен тыңайтқыштарды алдын-ала сатып алып, техниканы дайындай алады. Мұндай мүмкіндіктер бұрын-соңды болмаған мемлекеттік қолдау шаралары мен нарық көздерінен қаражат тартудың арқасында пайда болды", - деп атап өтті Аграрлық несие корпорациясының Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.

2025 жылғы КДЖжЕЖ-ға 700 млрд теңгеге дейін (2024 жылы 320 млрд теңге болды) бағытталады, оның 560 млрд теңгесіне дейін "Бәйтерек" ҰБХ және АНК нарықтық капитал көздерінен тартады.

Фермерлерге ыңғайлы болу үшін қарыздарды ресімдеу үшін де, оларды кейіннен өтеу үшін де жүгінуге болатын қаржы институттарының саны артты. Қаражат екінші деңгейлі банктер, несиелік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Аграрлық несие корпорациясы арқылы қолжетімді болады.

Кеңес алу және "Кең дала 2" бағдарламасына өтінім беру үшін АНК-нің жақын маңдағы өңірлік филиалдарына жүгіну қажет.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
01 Ақп 2026
ПР
Продавец
Кокшетау, Казахстан
Сүтті табынның жас ІҚМ Оптом и в розницу Плем телята телочки и бычки
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
200 000 тг
Сату
01 Ақп 2026
ДА
Данил
Аршалы, Акмолинская область, Казахстан
Етті табынның жас ІҚМ Продам Крупный рогатый скот КРС
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
100 000 тг
Сатып алу
29 Қан 2026
Azamat
Караганда, Казахстан
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары Куплю овес семена сорт Скакун
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Келісуге болады
Предоставляю услуги
29 Қан 2026
MY
Mukayev Yerkin
-
Перевозки автотранспортом УСЛУГА-🌾🌾Зерновоз Шакман 🚚 с прицепом ( боковал )
Келісуге болады
Сатып алу
29 Қан 2026
DE
Del
Казахстан
Бидай 4 сын Куплю пшеницу 4 класс
Келісуге болады
Біздің серіктестер