14 Желтоқсан, 2023 Жаңалықтар
0  

Қазақстан мал биржаларының австралиялық тәжірибесін қабылдауда

Австралия Амангалий Бердалин Животноводство Биржа
Қазақстан мал биржаларының австралиялық тәжірибесін қабылдауда
Фотосуретті түсірген: primeminister.kz

Вице-премьер Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық фермерлер мен өңірлердің басшылары Австралияға сапары кезінде ірі мал биржаларының бірі - RLX (Regional Livestock Exchange)-ға барды. Мал саудасының тәжірибесін зерделеп, мамандар оны Қазақстанда пайдалану ниеті туралы мәлімдеді. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

RLX мал базарының жалпы ауданы 4 гектарды құрайды, оның 1,5 гектары жабық базар. Бір мезгілде аумақта 8 мыңға дейін мал сыяды. Сауда-саттық әр сейсенбі және әр екінші бейсенбі сайын өткізіледі, мұнда жылына 140 мыңға жуық ірі қара мал сатылады. Сатуға әкелінген барлық мал басы электронды биркалар арқылы сәйкестендіріліп, бақыланады. Ірі қара мал аукционға бір күн қалғанда әкелініп, таза салмағын сақтау үшін кешкі сағат 21.00-ден бастап азық берілмейді. Ал сатылған соң мал жаңа иесіне немесе союға тасымалданады. Сауда күніндегі сату көлемі -99,5%, яғни сатылмаған тауар қалмайды дерлік.

Баспасөз қызметі биржадағы қауіпсіздік бірінші орынға қойылғанын атап өтті. Мал базарының құрылымы сауда-саттықтың барлық кезеңінде малдың бірқалыпты қозғалатындай етіп жасалған. Шатыр аптап ыстықтан сақтайды, таза су тұрақты түрде беріледі, ал металл баспалдақтардың жұмсақ қаптамасы малды түсіріп, көтеру кезінде тұяқтарының зақымдалуынан сақтайды. Жұмысшылар тек жаяу немесе атпен жүреді. Сонымен қатар, барлық қалдық және сарқынды су жиналып, қайта өңделеді.

MLA (Meat and livestock Australia) өкілдері айтқандай, Аустралияда көптеген жеке және муниципалдық мал биржалары бар. Жүйе жұмысы мынадай: әр сатылған малдан MLA-ға салық түрінде 5 аустралиялық доллар түседі (бұл төлемдер заңмен белгіленген). MLA өз тарапынан жануарларды сәйкестендіру мен қадағалаудың бірыңғай электронды жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді, Австралия фермерлерінің экспорттық өнімдерін зерттеу, маркетинг және ілгерілету жұмыстарын жүргізеді.

"Елімізде мал шаруашылығын бақылайтын жақсы жүйелердің болғаны біз үшін өте маңызды. Біз өнімнің биоқауіпсіздігіне, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына, жануарларды жақсылап күтіп-баптауға басымдық береміз», — деді MLA өкілі.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, елімізде мал шаруашылығындағы делдалдық схемаларды қысқарту мәселесін шешу қажет.

"Бізде мұндай биржалар жоқ, шаруалардан малды делдалдар сатып алып, содан кейін нарықта сатады. Аустралияда біз мал шаруашылығының мүлде басқа мәдениетін көрдік, оның үстіне ет өндірудің құны бірнеше есе төмен. Отандық мал шаруашылығын дамытудағы басты мәселелердің бірі – көптеген делдалдық схемалардың болуы, салдарынан мал өсіруші қалаған бағасын ала алмай отыр. Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігінде мал шаруашылығын дамытудың жоспарын жасап жатырмыз, бұл тәжірибе бізге пайдалы болады», — деп мәлімдеді Аманғали Бердалин.

Аустралиялық мал өсірушілердің тәжірибесін қазақстандық өндірушілер де енгізуге ниетті.

"Аустралиялықтар да қазақтар сияқты ғасырлар бойы мал шаруашылығымен айналысқанымен, десе де, олар бізден көш ілгері кеткен. Біз Қазақстанда да осындай мал базарларын ашуды жоспарлап отырмыз. Сауда-саттықты бақылай отырып, жүйенің сатып алушылар үшін де, сатушылар үшін де өте қарапайым екенін түсіндім. Мысалы сатушы 100 бас әкеледі, базар иелерінің өзі бәрін қабылдап, таразыға салып, сатып алған соң жеткізіп те береді. Жалпы Аустралияда ауыл шаруашылығы – континенттің маңызды экономикалық салаларының бірі болып саналады. Біздің үйренеріміз көп, бұл үшін Қазақстанның барлық әлеуеті бар. Біз қазір де Өзбекстан, БАӘ, Қытай нарығына ет экспорттаймыз. Жеткзілім көлемін арттыру жоспарымызда бар», — деді «Қайып ата» ЖШС құрылтайшысы Сырым Ертаев.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.
Біздің серіктестер