12 Қазан, 2023 Жаңалықтар
0  

Азат Сұлтанов ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Минсельхоз Назначение Азат Султанов
Азат Сұлтанов ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды
Фотосуретті түсірген: ҚР АШМ

ҚР Үкіметінің қаулысымен Сұлтанов Азат Сиражиддинұлы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Азат Сұлтанов 1984 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін бітірген.

Жеке компанияда заңгер, Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Заң басқармасының сарапшысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің көмекшісі болып жұмыс істеді.

Әр жылдары АШМ-нің: кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету; инвестициялық саясат және қаржы құралдары; тамақ қауіпсіздігі департаменттері директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция; ғылыми-технологиялық және техникалық саясат; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменттерінің директоры болды.

2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы департаментінің директоры қызметін атқарды.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер