Биыл Батыс Қазақстан облысындағы агроқұрылымдар мен бизнес иелеріне 16 млрд теңгеге субсидиялар және 15 млрд теңгеге жеңілдікті несиелер төлеу жоспарлануда. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев атап өткендей, мұндай мемлекеттік қолдау шаралары жергілікті шаруалар үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА хабарлады.
"Ауыл аманаты" жобасын іске асыру аясында өңірде бюджеттен 6,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 742 шағын несие беріліп, 787 жұмыс орны ашылады. Облыс аумағында 235 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді. Қосымша 60 ауыл шаруашылығы кооперативі қосылады деп күтілуде.
"6 млрд теңгеге төрт сүт-тауар фермасын салуды жоспарлап отырмыз. Жаңа сүт-тауар фермасы ашылған жағдайда облыс тұрғындарын сүт өнімдерімен қамту 22% - дан 32% - ға дейін ұлғайтылады", - деді Нариман Төреғалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Бұдан басқа, "Жасыл белдеу" бағдарламасы шеңберінде 2025 жылға дейін суармалы жерлердің ауданы 9,6 мың гектардан 15 мың гектарға дейін ұлғайтылатын болады, сондай-ақ сыйымдылығы 39 мың тонна болатын 19 жабдықталған көкөніс қоймасын салу көзделеді. Нәтижесінде өңірде жалпы сыйымдылығы 100 мың тоннадан асатын 48 көкөніс қоймасы болады. Қазіргі уақытта халықтың картоп өнімдерімен қамтылуы 91%, пияз 98%, сәбіз 56%, қырыққабат 56% құрайды.
Облыс өз өндірісінің құс етімен 66% қамтамасыз етілген. Осы көрсеткішті жақсарту мақсатында құс зав өндіретін зауыттың қуаты жылына 7,2 мың тоннаға, 12 мың тоннаға дейін ұлғаяды. Сондай-ақ, өндірістік қуаттылығы жылына 24 мың тонна болатын 100 жұмыс орнын құрап, 55 млрд теңге сомасына құс фабрикасын іске қосу жоспарлануда. Жалпы, БҚО Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және басқа да облыстарды етпен қамтамасыз етеді.