14 Шілде, 2023 Жаңалықтар
0  

Қазақстанда асыл тұқымды мал шаруашылығының цифрлық платформасы құрылады

Минсельхоз Животноводство Цифровизация Акбас
Қазақстанда асыл тұқымды мал шаруашылығының цифрлық платформасы құрылады
Фотосуретті түсірген: ҚР АШМ

Қазақстанда мал шаруашылығында селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстың жаңа цифрлық платформасы құрылатын болады. Бұл туралы қазақтың ақбас тұқымды республикалық палатасының жыл сайынғы жиналысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа платформаны іске қосу геномдық талдауды пайдалана отырып, селекция мен өсімін молайтудың заманауи әдістерін енгізу, жануарлардың асыл тұқымдық қасиеттерін бағалау, бағалау процестерін автоматтандыру есебінен селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Ербол Қарашөкеев атап өткендей, министрлік аусылдан азат елдің мәртебесін қалпына келтіруге және мал шаруашылығы өнімдерін өткізудің жаңа нарықтарын ашуға бағытталған шараларды іске асыруға күш салуда. Сонымен қатар, ветеринариялық қызметтің тиімділігін одан әрі арттыру және оны цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, ветеринарияның заңнамалық базасын жетілдіру үшін ұсыныстар дайындалды және олар қазіргі уақытта Парламентте қаралуда.

Министр қазақтың ақбас ірі қара тұқымы бүгінгі таңда өзінің генетикалық қасиеттері бойынша ең үздіктердің бірі болып саналатынын, ол ұлттық брендке айналғанын және тек елде ғана емес, шетелде де үлкен сұранысқа ие екенін атап өтті.

Қатысушылар осы тұқымның асыл тұқымдық қасиеттерін одан әрі жетілдіру жолдарын талқылады, бар проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстар енгізді.

Ербол Қарашөкеев мемлекеттік қолдау шараларының арқасында мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуеті артып келе жатқанын атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміз 43,3 мың тонна ет экспорттады, бұл 2021 жылдың көлемінен үштен біріне жоғары, ал сиыр етінің экспорты 18,3 мың тоннаға жетті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары нәтиже.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
05 Мам 2026
77
77079083821
Аксай, Западно-Казахстанская область
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам КРС
Теңге қолма-қол
бас
18 000 000 тг
Сату
05 Мам 2026
ER
Erdaulet
Шымкент
Күнбағыс күнжарасы Подсолнечный шрот
1000+ 10 000+ 1 000 000+
1000+ 10 000+ 1 000 000+
Келісуге болады
Сатып алу
02 Мам 2026
МB
мельница BEST KOSTANAY
Костанай
Бидай 3 сын Покупаем пшеницу от СХТП на мельницу
АШТӨ
АШТӨ
Келісуге болады
Сатып алу
02 Мам 2026
БА
Баке
Акмолинская , недалеко от Астаны
Бидай 3 сын Пшени
Желімтек 25%
Желімтек 25%
Келісуге болады
Сату
02 Мам 2026
НУ
Нурман
Казахстан
Арпа Продам ячмень в мешках
Келісуге болады
Біздің серіктестер