Danonе компаниясы Қазақстанда сүт өнімдерін өндіру қуатын арттырады. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиоге осы жобаны іске асыруды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін Франциямен сауданы талқылады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жыл сайын Danonе зауытына жалпы көлемі 18 мың тонна жоғары технологиялық ашытылған сүт өнімдерінің 50-ден астам атауы өндіріледі, 40%-ы Орталық Азия, Кавказ елдеріне және Моңғолияға экспортталады. Йогурт өндіру үшін кәсіпорын қазақстандық фермаларда өндірілген сүтті ғана пайдаланады.
2025 жылы кәсіпорында 730 млн теңге сомасына қосымша желі орнату жоспарлануда.
Сондай-ақ, тараптар қазақстандық жылқы етінің еуропалық нарыққа экспортын талқылады. Ағымдағы жылдың қазан айының басында Франциядағы мал шаруашылығы саммитінде "Қайып Ата" компаниясы мен Pegase BVS жылқы етін жеткізуді ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бүгінгі таңда шаруа және фермер қожалықтары осы өнімді Францияға экспорттауға қызығушылық танытуда.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың 8 айында Қазақстан мен Франция арасындағы АӨК өнімінің тауар айналымы $67 млн құрады, оның ішінде ҚР-дан Францияға экспорт күнжара тұқымдарының экспортын ұлғайту есебінен 6 есеге жуық өсті.