17 Сәуір, 2023 Жаңалықтар
0  

ДЖДҰ сарапшылары Қазақстанның ветеринариялық қызметінің жұмысын бағалады

Ветеринария Животноводство
ДЖДҰ сарапшылары Қазақстанның ветеринариялық қызметінің жұмысын бағалады
Фотосуретті түсірген: ҚР АШМ

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының сарапшылар тобы ветеринарлық қызметтің тиімділігін және аусыл мен классикалық шошқа обасын бақылау бағдарламаларын бағалады. Мамандар өңірлердегі ветеринарлық дәрігерлер мен инспекторлардың жұмысын, олардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ жануарлар ауруының өршуіне ден қою кезіндегі құзыреттілігін талдады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АШМ ақпараты бойынша, аусыл бойынша дезинфекциялық техниканың, өлікселерді жоюға арналған инсенераторлардың, сондай-ақ құлақтандыру жүйесінің жай-күйіне тексеру жүргізген Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарына барды. Делегация Республикалық эпизоотияға қарсы жасақтың филиалына барып, техниканың шығуға дайындығын, сондай-ақ жануарлардың ауруы туралы сигнал алған кезде дайындығын және олардың ден қою уақытын тексерді.

Сонымен қатар, мамандар екі өңірдің бірнеше ауылдарына барып, жануарлар иелерінің ветеринарлармен өзара іс-қимылын, олардың аусыл ауруының белгілері туралы хабардарлығын, сондай-ақ ветеринарлардың білімін және жұқтырған жануарларды алғашқы тіркеу кезінде қабылданатын шараларды бағалады.

Сарапшылар тобы аудандық және облыстық ветеринариялық зертханалардың патологиялық материалды қабылдауының жай-күйі мен дайындығын бағалап, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ақпараттық жүйесімен танысты.

Екінші топ классикалық шошқа обасының алдын алу жұмыстарын талдады. Сарапшылар Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарының ветеринариялық қызметін тексерді. ДЖДҰ сарапшылары облыстық ветеринариялық инспекцияларға, жеке қосалқы шаруашылықтарында, сондай-ақ Ресей Федерациясымен шекарадағы өткізу пункттерінде болды.

"Қазақстанның өңірлеріне сапар қорытындысы бойынша ДЖДҰ сарапшылары ветеринариялық қызметтердің үйлесімді жұмысын және оларды қажетті жабдықтармен толық жарақтандыруды атап өтті. Сонымен қатар, мамандардың жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар берілді", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
03 Қар 2026
ЕР
Ерлан
Уральск
Тауықтар Куры Несушки
10 000+
10 000+
Теңге қолма-қол
бас
2 800 тг
Сатып алу
28 Қаз 2026
МА
Маржан
-
Бидай 5 сын пщеница
Келісуге болады
Сату
12 Қаз 2026
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
Сарыагаш Казахстан
Жүгері Кукуруза зерно
Жүгері Бұршақ дәнділер
Жүгері Бұршақ дәнділер
ҚҚС-сыз теңге
тонна
81 950 тг
Сату
12 Қаз 2026
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
Сарыагаш Казахстан
Кебек Отруби пшеничные пушистые в мешках
ҚҚС-сыз теңге
тонна
52 875 тг
Сату
08 Қаз 2026
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
Сарыагаш Казахстан
Жүгері Кукуруза зерно DAP Сарыагаш KZ
Дәнді дақылдар үшін Жүгері
Дәнді дақылдар үшін Жүгері
Доллар
тонна
$ 210
Біздің серіктестер