04 Сәуір, 2023 Жаңалықтар
0  

Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

Минсельхоз Ербол Карашукеев
Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды
Фотосуретті түсірген: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі гуманитарлық институтын бітірген. Мамандығы - экономист, бакалавр академиялық дәрежесі берілген менеджмент саласындағы маман, экономика магистрі, құқықтану бакалавры.

2003-2006 жылдары ол қаржы департаментінің директоры – экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясының басқарма мүшесі болып жұмыс істеді.

2006-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаментінің директоры болды.

2007 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында - "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингінің басқарушы директоры.

2007-2009 жылдары - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының басқарма төрағасы.

2010 – 2012 жылдары — республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының директоры.

2012 жылдан 2013 жылға дейін — ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институтының бас директоры.

2013 – 2016 жылдары — Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі басқарма төрағасының орынбасары.

2016 жылдан 2019 жылға дейін — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылғы қаңтар-сәуір аралығында - ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы.

2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін - "ҚазАгро" Холдингі" АҚ басқарма төрағасы.

2021 жылғы сәуірден шілдеге дейін - ҚР қаржы вице-министрі.

2021 жылғы шілдеден бастап - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы-вице-министр.

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ербол Қарашөкеев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарады.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер