1-24 ақпан аралығында gosagro.kz порталы арқылы фермерлер жалпы сомасы 17,1 млрд теңгені субсидиялауға 3067 өтінім берді. 134,6 млн теңгеге өтінімдер мақұлданды, оның 20 млн теңгесі ауыл шаруашылығы өндірушілеріне төленді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жүйеде "Күту парағы" тетігі іске асырылды, оған бюджеттің болуына қарамастан реттік нөмір берілген мақұлданған өтінімдер түседі. Осылайша, бюджет фермер тарапынан қосымша іс-қимылсыз тек "Күту парағындағы" өтінімдер бойынша, бірінші күннен келесі күнге автоматты түрде бөлінеді. Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлік әкімдіктердің резервке қойылған 4025 өтінім бойынша 2022 жылы фермерлер алдында айтарлықтай берешегі бар екенін атап өтті. Деректер Qoldau жүйесінен ауыл шаруашылығы басқармаларының жеке кабинеттеріне көшірілді.
"Осылайша, инвестициялық субсидиялау және өнімді қайта өңдеу бағыты бойынша жергілікті әкімдіктер өткен жылғы қарыздарды өтегеннен кейін ғана жаңа өтінімдерді төлеуге көше алады. БМСАЖ-де тарихи деректер төлемдерін қалыптастыру бойынша функционал іске асырылды. Облыс әкімдіктеріне тиісті түсініктемелер жолданды", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша жүйеде 250-ден астам қаржы институттары тіркелген, олар ауыл шаруашылығы басқармаларына 1,8 млрд теңге сомасына өтінім берген.