03 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
0  

Қазақстанда егісті қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

Кредиты Серик Жумангарин Финансы
Қазақстанда егісті қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

2024 жылы көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдікпен несие беру көлемі 2 еседен астам өсті және 580 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Аграрлық сектордың қажеттілігін ескере отырып, бұл сома 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы қойған минералды тыңайтқыштарды енгізуді 1,9 млн тоннаға дейін жеткізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын 8-10%-ға дейін арттыру жөніндегі міндеттерді ескере отырып, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемін 1 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. Бұдан басқа, инвестициялық жобаларға жеңілдікпен несие беру көлемін 800 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда", - деді Серік Жұманғарин.

Ол қаржыландыру шеңберінде "Бәйтерек" холдингінің коммерциялық қаражатты тарту сатысында сыйақы мөлшерлемесін арзандату жүргізілгенін атап өтті. Осының арқасында фермерлер бірден арзандатылған несие алады. Келесі жылы дәл осылай айналым қаражатын сатып алуға қайта өңдеу кәсіпорындарын жеңілдікпен қаржыландыру іске қосылады. Осындай тетік екінші деңгейдегі банктерді келесі жылдан бастап АӨК-ні жеңілдікпен қаржыландыруға тарту кезінде қолданылатын болады.

"Мемлекет басшысы атап өткендей, фермерлерге сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудан жеңілдетілген несиелеуге біртіндеп көшу маңызды міндет болып табылады. Ол үшін нақты іс-шаралар мен мерзімдері бар Жол картасы бекітілді. Жалпы, тауарлық-спецификалық субсидиялардан жеңілдетілген несиелеуге толық көшу "Экономиканы ырықтандыру туралы" Жарлықта көзделген және 2028 жылдың соңына дейін қамтамасыз етілетін болады", - деп хабарлады Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде жүзеге асырылатын тауар несиесін беру тетігін енгізу жоспарлануда. Вице-премьер түсіндіргендей, тауар несиесін орта және ірі аграрлық бизнес өкілдері жеке кәсіпкерлерге беретін болады.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
Кеше
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Бройлер балапандары
Етті
Етті
Теңге қолма-қол
бас
450 тг
Сату
Кеше
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Несушка Балапан Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Теңге қолма-қол
бас
1 500 тг
Сатып алу
Кеше
Т«
ТОО «Prestige Astyq Trade»
Акмолинская обл элеватор Жасыл
Қоңыр зығыр Закуп льна
ЖШС ШҚ
ЖШС ШҚ
Келісуге болады
Сату
Кеше
ДИ
Диана
Кокшетау, Казахстан
Көк жасымық Продаю зеленую чечевицу (тарелочная)
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
Келісуге болады
Сату
19 Нау 2026
МЕ
Менеджер
Караганда, Казахстан
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Автомобильные и вагонные (ЖД) весы
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
ҚҚС-пен теңге
дана
8 500 000 тг
Біздің серіктестер