02 Шілде, 2024 Жаңалықтар
0  

Қызылорда облысында тұқы өсіру бойынша шаруашылық іске қосылды

Рыбоводство
Қызылорда облысында тұқы өсіру бойынша шаруашылық іске қосылды
Фотосурет көзі: ҚР АШМ

Қызылорда облысының Арал ауданында тұқы өсіретін тоған балық шаруашылығы жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта ауданы 15 гектар болатын төрт тоғанда балық аулау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Маусым айында 7 млн 700 дана жас тұқы балығы жіберілді. Күзге дейін тоғандардың ауданы 25 гектарға дейін ұлғайтылады, содан кейін қуаттылығы жылына 15-20 млн жас балықты құрайтын инкубациялық цех салу жұмыстары басталады. Тауарлық балықтың алғашқы партиясын 2025 жылы алуды жоспарлап отырмыз", - деді "Арал Рыбторг" ЖШС басшысы Қуаныш Өмірзақов.

Жобаның құны 150 млн теңгені, қуаты-жылына 300 тонна тұқы құрады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекет тарапынан балық шаруашылығын қолдау бизнестің үлкен қызығушылығын тудырғанын атап өтті. Балық өсіретін шаруашылықтар үшін салықтар 70%-ға төмендетілді, сондай-ақ олар салынған инвестициялардың 25% өтеуге, жем құнының 30%-ы мөлшерінде субсидия алуға және жас балықты, дәрі-дәрмектерді, бағалы балық түрлерінің аналық табынын сатып алуға және балық өсірудің биологиялық негіздемесін әзірлеуге жұмсалатын шығыстардың 50% алуға сене алады.

Балық шаруашылығы субъектілері үшін қаржылық қолдаудың бұл шаралары балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде қабылданды. Осы кезеңде саланы дамытуға 268,8 млрд теңге, тағы 340,5 млрд теңге - бюджеттен тыс жеке инвестициялар бағытталатын болады.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Предоставляю услуги
Бүгін
БА
Батырхан
-
Установка и монтаж оборудования Услуги сервиса, ремонта, монтажа
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ Голштин Симментал тұқымы
ҚҚС-пен теңге
дана
10 000 тг
Сату
Кеше
МА
Мади
Жамбылская область
ҰҚМ, асыл тұқымды мал Овцы породы Арашан
ҰҚМ
ҰҚМ
Теңге қолма-қол
бас
500 000 тг
Предоставляю услуги
11 Мау 2026
Богдан
-
Агрономический консалтинг Программа для точного расчета минерального питания
Telegram
Доллар
дана
$ 280
Предоставляю услуги
11 Мау 2026
Богдан
-
Агрономический консалтинг Расчёт минерального питания
Telegram
Доллар
дана
$ 41
Сату
03 Мау 2026
BA
Ba
Талдыкорган
Соя күнжарасы Соевый шрот
Үйінді Қазақстан Республикасының барлық өңірлері
Үйінді Қазақстан Республикасының барлық өңірлері
Доллар
тонна
$ 525
Біздің серіктестер