04 Қыркүйек, 2023 Жаңалықтар
0  

Қазақстан Қытайға жаңа бағытпен 1,3 мың тонна астық жөнелтті

Китай Минсельхоз Продкорпорация Зерно Экспорт
Қазақстан Қытайға жаңа бағытпен 1,3 мың тонна астық жөнелтті
Фотосуретті түсірген: ҚР АШМ

Қазақстан агросекторда Қытайдың Шаньдун провинциясымен ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Алматыдан Цзинань қаласына 3 қыркүйекте жаңа контейнерлік пойызбен алғашқы 1,3 мың тонна астық жөнелтілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Алматыда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен Шаньдун провинциясы ҚКП парткомының хатшысы Лин У келіссөздер жүргізді. АШМ басшысы Қазақстан жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортиментін ұсынуға дайын екенін айтты. Республиканың астықты жыл сайын жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ ҚХР-ға салқындатылған ет өнімдерін сатуға әлеуеті бар.

Келіссөздер аясында Азық-түлік корпорациясы BINZHOU Zhongyu Foods компаниясымен меморандум жасасты, ол ҚХР-ға 200 мың тонна қазақстандық астық экспорттауды көздейді.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстан мен Шаньдунның бірлескен ғылыми қызметі мәселелерін талқылады. Биыл ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен бастапқы тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі Кешенді жоспардың жобасын әзірледі, оның негізгі міндеті өнімділігі жоғары әлеуеті бар жаңа буынның бәсекеге қабілетті сұрыптарын құру болмақ. Ербол Қарашөкеев сондай-ақ академиялық ұтқырлықты, профессор-оқытушылар құрамының, ҒЗИ ғалымдары мен ЖОО студенттерінің ғылыми тағылымдамаларын дамыту қажеттігін атап өтті.

Ниет Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мен Шаньдун ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы арасындағы меморандуммен бекітілді. Тараптар тұқым шаруашылығында бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер жүргізетін болады. Мұндай өзара іс-қимыл отандық және қытайлық сұрыптардың синергиясы есебінен жоғары нәтиже бере алады, деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Соңында ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы қытайлық кәсіпкерлерді Қазақстан аумағында бірлескен қайта өңдеу кәсіпорындарын ашуға шақырды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында ҚР мен ҚХР арасындағы ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы 578,5 млн доллар құрағанын, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 72,7% - ға артық екенін хабарлады. Қытайға экспорттың негізгі көлемі дәнді дақылдар мен майларға, импорт көкөністер мен жаңғақтарға тиесілі.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер