24 Қазан, 2024 Жаңалықтар
0  

Қазақстан 7 млн тоннадан астам бидай экспорттауды жоспарлап отыр

Минторговли Кайрат Торебаев Зерно Пшеница Экспорт
Қазақстан 7 млн тоннадан астам бидай экспорттауды жоспарлап отыр
Фотосурет көзі: primeminister.kz

Қазақстандағы астықтың экспорттық әлеуеті осы маусымда 12 млн тоннаға бағаланады,оның 7-7, 5 млн тоннасы бидайға, арпаға - 1,4 млн тонна, жүгеріге – 300 мың тонна. Майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады деп бағаланады. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің нарықтарына жеткізуді жалғастырады, бұл шамамен 4,2 млн тонна. Жалпы, Қытайға астық экспорты 2023 жылы 1,43 млн тоннаны құрап, жылына 5,5 есе өсім көрсетті", - де мәлімдеді Үкімет отырысында ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Сондай-ақ, вице-министр бидайдың Қытайға экспорты 2023 жылы айтарлықтай артып, 538,8 мың тоннаға жеткенін атап өтті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 15 есе көп.

"Бұл Қытай мен Азия елдеріне 1,6 млн тоннаға дейін бидай жеткізу мүмкіндігін көрсетеді. Қытай органдарының талаптарына байланысты шекарада кідіріс мәселесін, сондай-ақ Қытайдағы қазақстандық астық импортына лицензиялар мен квоталар сияқты күрделі шарттарды пысықтау маңызды", — деп қосты Қайрат Төребаев.

Сондай-ақ, вице-министр жаһандық сұраныстың артуы және бірқатар елдерде егіннің азаюы жағдайында Қазақстанды Италия, Латвия, Испания сияқты Еуропалық Одақ елдерінің нарығы қызықтыратынын атап өтті.

Түркия мен Таяу Шығыс елдеріне бидай экспортының әлеуеті 1 млн тоннаға жуық деп бағаланады.

"Иран нарығына жеткізілімдерді қалпына келтіру маңызды, арпа бойынша біз қазір динамиканы көріп отырмыз, сауданы қаржыландыру және логистика мәселелері пысықталатын болады. Қазақстандық бидай брендін Пәкістан, Индонезия, Бразилия, Малайзия сияқты жаңа нарықтарда ілгерілету жөніндегі жұмыс жандандырылады, онда импорттың өсуі болжанады", — деп атап өтті Қайрат Төребаев.

Министрлік азық-түлік корпорациясымен бірлесіп логистикалық маршруттар мен экспорттық бағаларды көрсете отырып, елдік ұсыныстар (офферлер) дайындады. Келіссөздер жүргізіліп, Армения нарықтары бойынша алдын ала келісімдерге қол жеткізілді – 600 мың тонна, Италия – 1 млн тонна. Солтүстік Африка елдеріне экспорт бойынша келіссөздер жүргізілуде - 200 мың тонна.

"Жалпы, экспортталатын өнімнің күрделілік деңгейін арттыру жөніндегі саясатты ескере отырып, дәнді дақылдарды қайта өңдеуге назар аударған жөн. Бұл болашақта көптеген экспорттық проблемалардың шешімі болуы мүмкін", - деп түсіндірді Қайрат Төребаев.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
01 Ақп 2026
ПР
Продавец
Кокшетау, Казахстан
Сүтті табынның жас ІҚМ Оптом и в розницу Плем телята телочки и бычки
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
200 000 тг
Сату
01 Ақп 2026
ДА
Данил
Аршалы, Акмолинская область, Казахстан
Етті табынның жас ІҚМ Продам Крупный рогатый скот КРС
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
100 000 тг
Сатып алу
29 Қан 2026
Azamat
Караганда, Казахстан
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары Куплю овес семена сорт Скакун
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Келісуге болады
Предоставляю услуги
29 Қан 2026
MY
Mukayev Yerkin
-
Перевозки автотранспортом УСЛУГА-🌾🌾Зерновоз Шакман 🚚 с прицепом ( боковал )
Келісуге болады
Сатып алу
29 Қан 2026
DE
Del
Казахстан
Бидай 4 сын Куплю пшеницу 4 класс
Келісуге болады
Біздің серіктестер