29 Маусым, 2023 Жаңалықтар
0  

Қазақстан Швейцарияға тауарлар экспортын $500 млн-ға ұлғайтуды жоспарлап отыр

Казахстан Экспорт
Қазақстан Швейцарияға тауарлар экспортын $500 млн-ға ұлғайтуды жоспарлап отыр
Фотосуретті түсірген: www.gov.kz

Астанада сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-швейцария комиссиясының 11-ші отырысы өтті. Осы отырыста елдер арасындағы екіжақты өзара тиімді әріптестікті күшейту мүмкіндіктері талқыланды. Премьер-министрдің орынбасары – ҚР сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қазақстандық делегацияны, ал швейцариялық делегацияны елші, сауда келісімдері жөніндегі федералды кеңестің комиссары, SECO басқарма мүшесі, SECO екіжақты қатынастар департаментінің басшысы Эрвин Боллингер басқарды.

Қазақстанда швейцариялық капиталдың қатысуымен 300 ге жуық компания жұмыс істейді, бұл ретте швейцариялық бизнес осындай салалық флагмандармен ұсынылған:

  • Philip Morris International (темекі өнеркәсібі) компаниялары;
  • Glencore International (ГМК);
  • Roche Holding (фарма);
  • SGS (сертификаттау) немесе ABB (электротехника);
  • Bühler Group (машина жасау) және басқалар.

"2022 жылдың қорытындысы бойынша біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы Швейцария мен Қазақстан сияқты мемлекеттер үшін 1 1,4 млрд құрады, мұндай тауар айналымы онша көп емес. Біз экспортқа дайын әлеуетті тауарларымызға талдау жасадық, қолданыстағы тізбені 546,4 млн доллар сомасына тағы 90 тауар позициясына кеңейтуге дайынбыз. Швейцариялық тауарлардың жоғары сапасын ескере отырып, біз премиум сегменттің тауарларын ұсынуға дайынбыз: уылдырық, балық, бал, шарап-арақ өнімдері. Біз Еурокомиссиямен белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, балық өнімдерінің экспорты келісілді, бал пысықталуда. Жұмыс топтарында біз қазақстандық уылдырықты ЕО нарығына жеткізуді сертификаттау мәселесіне бастамашылық жасадық", - деді С.Жұманғарин.

Отырыста авиация, энергетика, ауыл шаруашылығы, сауда және инвестициялар, техникалық реттеу, стандарттау және метрология, білім және ғылым, зияткерлік меншік, сондай-ақ венчурлік инвестицияларды тарту сияқты салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Швейцария Қазақстанның үздік-3 инвесторының қатарына кіреді, атап айтқанда Нидерланды мен АҚШ-тан кейін. 2022 жылы Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 1,4 млрд доларға жетті және 2021 жылмен салыстырғанда ($1,3 млрд) 6,4% - ға өсті.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
Бүгін
АИ
Акмаль Ибрагимович Юлдашев
Самарканд, Узбекистан
Аммофос Uz-nats-trans-Kompani
1000+
1000+
Доллар
тонна
$ 160
Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Сепаратор Зерноочистительный сепаратор РВС 40,60 т\ч с системой аспирации
ҚҚС-пен теңге
дана
23 600 000 тг
Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Транспортёрное оборудование: Норийное, Скребковое, Шнековое,Конвейерное.
Дәнді дақылдар үшін
Дәнді дақылдар үшін
Келісуге болады
Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Сепаратор Самоходный зерноочистительный комплекс САД 4-50 т\ч
None
дана
9200000.00
Сату
03 Жел 2025
АН
Анара
Талгар, Қазақстан
Тауықтар Бройлеры живым весом 1200 тг
Етті 100+ 1000+
Етті 100+ 1000+
Теңге қолма-қол
бас
1 200 тг
Біздің серіктестер