09 Желтоқсан, 2024 Жаңалықтар
0  

Қазақстан Гонконгқа ет экспорттауды ұсынды

Китай Амангалий Бердалин Животноводство Экспорт
Қазақстан Гонконгқа ет экспорттауды ұсынды
Источник фото: МСХ РК

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін Гонконгқа экспорттауға мүдделі. Бірақ бұл үшін өңірге жеткізілімдерді рұқсат ету үшін хаттамаларды келісуге байланысты мәселелерді шешу қажет. Бұл туралы Үрімшіде Қазақстанның вице-премьері Серік Жұманғарин, ШҰАА парткомының хатшысы Ма Синжуй және Гонконгтың коммерция және экономикалық даму хатшысы Алджернон Яудың қатысуымен өткен үшжақты кездесуде сөз болды, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Кездесу аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангали Бердалин қазақстандық өндірушілер Гонконгқа аң еті, сиыр еті, қой еті, шошқа еті мен құс еті, бал, жемшөп қоспаларын қоса алғанда, мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға мүдделі екенін атап өтті. Сондай-ақ астық, ұн, майлы дақылдар, өсімдік майлары мен сүт өнімдерін жеткізуге қызығушылық бар. Дегенмен, ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуді тежейтін мәселелер бар.

Мал шаруашылығы өнімдерін Қазақстаннан Гонконгқа экспорттау үшін Гонконгтың ветеринарлық қызметімен әрбір өнім бойынша хаттамалар жасасу қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі Гонконг үкіметінің Азық-түлік және қоршаған орта гигиенасы департаментімен экспортқа арналған бірқатар өнімдерді келісу бойынша жұмысты бастады.

Сондай-ақ, қазақстандық тарап Қытай Ляньюнгань порты арқылы Гонконгқа бидай ұнын сынамалық жеткізуді жүзеге асыруды ұсынды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында мал шаруашылығы өнімдерінің 9 түрін экспорттауға хаттамаларға қол қойылған. Ағымдағы жылы Қытай құс тұмауына (елдің түкпір-түкпірінен) және аусылға (оңтүстік-шығыс облыстардан) уақытша шектеулерді алып тастады. Мал және мал шаруашылығы өнімдерін Қазақстаннан Қытайға экспорттау бойынша екі хаттамаға қол қойылды - сойылған ІҚМ және ІҚМ терісін жеткізуге. Қазір құс шаруашылығы өнімдері мен қосалқы өнімдерді экспорттау жөніндегі хаттама қол қоюға дайындалуда.

Бұдан басқа, салқындатылған етке, жылқы етіне, термоөңдеуден өткен ет өнімдеріне, қосалқы өнімдерге қойылатын ветеринариялық талаптарды келісу жүргізілуде.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
Кеше
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Бройлер балапандары
Етті
Етті
Теңге қолма-қол
бас
450 тг
Сату
Кеше
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Несушка Балапан Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Теңге қолма-қол
бас
1 500 тг
Сатып алу
Кеше
Т«
ТОО «Prestige Astyq Trade»
Акмолинская обл элеватор Жасыл
Қоңыр зығыр Закуп льна
ЖШС ШҚ
ЖШС ШҚ
Келісуге болады
Сату
Кеше
ДИ
Диана
Кокшетау, Казахстан
Көк жасымық Продаю зеленую чечевицу (тарелочная)
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
Келісуге болады
Сату
19 Нау 2026
МЕ
Менеджер
Караганда, Казахстан
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Автомобильные и вагонные (ЖД) весы
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
ҚҚС-пен теңге
дана
8 500 000 тг
Біздің серіктестер