06 Желтоқсан, 2024 Жаңалықтар
0  

Қазақстан 2024 жылы 2,7 трлн теңгеге азық-түлік өндірді

Айдарбек Сапаров Продукты питания Переработка
Қазақстан 2024 жылы 2,7 трлн теңгеге азық-түлік өндірді

Ағымдағы жылдың 10 айында азық-түлік өндірісі 1,1%-ға өсіп, 2,7 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Сенаттағы "Азық-түлік қауіпсіздігі - ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі" мәселесі бойынша парламенттік тыңдау барысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 10 айда елімізде 80,6 мың тонна жарма өнімдері (77% - ға өсім), 604 мың тонна өсімдік майы (+10,1%), 41,1 мың тонна ірімшік пен сүзбе (+9,9%), 200,3 мың тонна ашытылған сүт өнімдері (+5,2%), 58,6 мың тонна шұжық өнімдері (+3,4%), 27 мың тонна сары май (+2,8%) өндірілді.

Қайта өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде ет, сүт, күріш, жүгері, күнбағыс және қарақұмық сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін қайта өңдеу үлесін 70% - ға дейін жеткізу жоспарлануда. 2028 жылға қарай тамақ өнімдерін өндіру көлемі 4,5 трлн теңгеге дейін жеткізілетін болады.

Сонымен қатар, Айдарбек Сапаров негізгі тауарлар бойынша ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі халықтың қажеттілігінен бірнеше есе артық екенін айтты. Атап айтқанда, ұн бойынша қамтамасыз ету қажеттіліктен 2,4 есе, күріш жармасы, күнбағыс майы – 1,7 есе, қой еті – 6%, сиыр еті – 1%-ға асады.

10 айдың қорытындысы бойынша аграрлық салада оң динамика байқалады. Ауыл шаруашылығы өндірісі 12,7%-ға өсіп, 7,1 трлн теңгені құрады. Өсімдік шаруашылығындағы өсім 18,8% немесе 4,5 трлн теңгені, мал шаруашылығында - 3,3% немесе 2,6 трлн теңгені құрады.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер