07 Қараша, 2024 Жаңалықтар
0  

Қазақстан бір жыл ішінде 5,3 млрд долларға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттады

Мясо Продукты питания Переработка Зерно Экспорт Молоко
Қазақстан бір жыл ішінде 5,3 млрд долларға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттады
Фотосурет көзі: ҚР АШМ

Қазақстанда азық-түлік өндірісі 9 айда 2,4 трлн теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8% - ға ұлғайды. 2023 жылы өсім одан да жоғары болды - 2,1%, жыл қорытындысы бойынша 3,1 трлн теңгеге жетті. Өткен жылы АӨК өнімінің экспорты $5,3 млрд құрады, бұл ретте экспорт көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 43%-ға дейін өсіп, $2,2 млрд-қа жетті. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"2023 жылы азық-түлік өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 156 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артық. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 118,8 млрд теңге сомасына 48 инвестициялық жоба іске асырылды. Бұл жетістіктер инвестициялық субсидияларды, шикізатқа субсидияларды, салықтық жеңілдіктерді қамтитын мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларына негізделген", - деді АШМ агроазық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, 350 кәсіпорын астық өңдеумен айналысады. Ұн өндірісі (3,2 млн тонна) ішкі тұтынудан көп және экспорттық жеткізілім көлемі бойынша (1,9 млн тонна) әлемде жетекші орындардың бірін алады. 2024-2026 жылдар кезеңінде астық өңдеу бойынша 13 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қытайға астық өңдеу өнімдерінің экспортын кеңейту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Майлы дақылдарды өңдеумен 80 кәсіпорын айналысады. 2023 жылы олар 672 мың тонна май өндірді, бұл ішкі тұтынудан едәуір асады (368 мың тонна). Ағымдағы жылы өндірісті 750 мың тоннаға дейін ұлғайту болжанып отыр.

Сонымен қатар, 2023 жылы 2,1 млн тонна сүт өңделді, жалпы сомасы 584,8 млрд теңгеге сүт өнімдері өндірілді. Қайта өңдеумен жылына 2,7 млн тонна сүт өндіретін 180 кәсіпорын айналысады, жалпы жүктемесі шамамен 77%.

Қуаттылығы жылына 400 мың тонна (құс етін есептемегенде) және жүктемесі 54% болатын 210 ет өңдеуші кәсіпорын жұмыс істейді. Салқындатылған ет нарығы 101%-ға, шұжық өнімдері 60%-ға, консервіленген ет өнімдері 28%-ға қамтамасыз етілген.

Теріні өңдеумен 9 кәсіпорын айналысады, жүн - 13. Теріден желатин және жемшөп қоспаларын өндіруді дамыту, сондай-ақ өрескел және жартылай өрескел жүнді қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу жоспарлануда. Алматыда қуаттылығы 7 мың тонна желатин өндіру бойынша бір жоба, СҚО мен Алматы облысында жемшөп қоспаларын өндіру бойынша екі жоба іске асырылды.

Сонымен қатар, АШМ-де үкімет 2028 жылға қарай азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін 1,4 есеге ұлғайтуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізуге бағытталған ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіткенін атап өтті.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
01 Ақп 2026
ПР
Продавец
Кокшетау, Казахстан
Сүтті табынның жас ІҚМ Оптом и в розницу Плем телята телочки и бычки
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
200 000 тг
Сату
01 Ақп 2026
ДА
Данил
Аршалы, Акмолинская область, Казахстан
Етті табынның жас ІҚМ Продам Крупный рогатый скот КРС
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
100 000 тг
Сатып алу
29 Қан 2026
Azamat
Караганда, Казахстан
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары Куплю овес семена сорт Скакун
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Келісуге болады
Предоставляю услуги
29 Қан 2026
MY
Mukayev Yerkin
-
Перевозки автотранспортом УСЛУГА-🌾🌾Зерновоз Шакман 🚚 с прицепом ( боковал )
Келісуге болады
Сатып алу
29 Қан 2026
DE
Del
Казахстан
Бидай 4 сын Куплю пшеницу 4 класс
Келісуге болады
Біздің серіктестер