Қазгидромет мамыр айында құрғақшылық бойынша нақтыланған болжамды жариялады. Сәуір айында жауған жауын-шашын мен болжамды ауа райы жағдайларын ескере отырып, құрғақшылық қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғайтылды.
Қазгидрометтің мәліметінше, осы ай ішінде құрғақшылық күтілуде:
● Қызылорда облысының Қармақшы және Шиелі аудандарында;
● Қостанай облысы Амангелді ауданында;
● Қарағанды облысының Шет ауданында.
Сондай-ақ орташа ылғалды жағдайлар болжанады:
● Қостанай облысында - Қарасу ауданында;
● Ақмола облысында - Ақкөл, Атбасар және Сандықтау аудандарында;
● Павлодар облысында - Ақтоғай, Успен және Павлодар қаласының маңында;
● Батыс Қазақстан облысында-Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында;
● Ақтөбе облысында - Қобда ауданында.
Қазақстанның қалған аумағында мамыр айында ылғалдандыру көпжылдық мәндерге жақын деп болжанады.
Барлық агрометеорологиялық болжамдар ҚР АШМ-де ұсынылады, сондай-ақ agrodata.kz қосымшасында және Қазгидрометтің ресми сайтында жарияланады.