26 Наурыз, 2024 Жаңалықтар
0  

Қазақстанда егіс және егін жинау жұмыстарына несие беру артады

Посевная 2024 Финансы Растениеводство
Қазақстанда егіс және егін жинау жұмыстарына несие беру артады

Қазақстан Үкіметі дала жұмыстарын қаржыландырудың қосымша көздерін тарту бойынша жұмыс жүргізуде. 2024 жылы жеңілдетілген несиелеу сомасын 425 млрд теңгеге ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

"Сапалы тұқым, тыңайтқыштар, пестицидтер, ЖЖМ және т.б. қолдануды қамтитын барлық қажетті агротехникалық іс-шараларды ескере отырып, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын сапалы жүргізу үшін жеңілдетілген несиелеуге шамамен 1,5 трлн теңге қажет. Сонымен қатар, ағымдағы жылы "Кен-дала" бағдарламасы аясында 140 млрд теңгеге қаржыландыру қарастырылған. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 134 млрд теңгеге 1 434 өтінім келіп түсті, оның ішінде жалпы сомасы 37,8 млрд теңгеге 811 өтінім мақұлданды", - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Сонымен қатар, форвардтық сатып алу бағдарламасына 40 млрд теңге бағытталды. Бүгінгі таңда аграрлар жалпы сомасы 24 млрд теңгеге 196 өтінім берді.

"Қалған қаражатты бөлу мәселесі басқа қаржыландыру көздерінен (оның ішінде жергілікті бюджеттен 100 млрд теңге) пысықталуда, бұл көктемгі егіс жұмыстарына қосымша 425 млрд теңге көлемінде жеңілдікті несиелер тартуға мүмкіндік береді",-деді Айдарбек Сапаров.

Ол сондай-ақ Энергетика министрлігінде дизель отынын жөнелту кестесін бекіткенін хабарлады. Жеңілдетілген дизельдің құны 250 теңге/литрді құрайды.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
Бүгін
АИ
Акмаль Ибрагимович Юлдашев
Самарканд, Узбекистан
Аммофос Uz-nats-trans-Kompani
1000+
1000+
Доллар
тонна
$ 160
Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Сепаратор Зерноочистительный сепаратор РВС 40,60 т\ч с системой аспирации
ҚҚС-пен теңге
дана
23 600 000 тг
Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Транспортёрное оборудование: Норийное, Скребковое, Шнековое,Конвейерное.
Дәнді дақылдар үшін
Дәнді дақылдар үшін
Келісуге болады
Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Сепаратор Самоходный зерноочистительный комплекс САД 4-50 т\ч
None
дана
9200000.00
Сату
03 Жел 2025
АН
Анара
Талгар, Қазақстан
Тауықтар Бройлеры живым весом 1200 тг
Етті 100+ 1000+
Етті 100+ 1000+
Теңге қолма-қол
бас
1 200 тг
Біздің серіктестер