22 Шілде, 2024 Жаңалықтар
0  

КРО БҚО фермерлерінен өнім сатып алатын болады

Ауыл аманаты KPO
КРО БҚО фермерлерінен өнім сатып алатын болады
Фотосурет көзі: primeminister.kz

Karachaganak Petroleum Operating ірі мұнай-газ өндіруші консорциумы Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін сатып алу туралы Меморандумға қол қойды. Бұл туралы ли ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қол қою ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың өңірге жұмыс сапары аясында өтті.

"Біздің елімізде көптеген ірі кәсіпорындар жұмыс істейді және олардың барлығында сапалы өнімдерге сұраныс бар. Бұл тәжірибе басқа компаниялар үшін де үлгі болатынына сенімдімін", – деді Тамара Дүйсенова.

Өз кезегінде тараптар қол жеткізілген келісімнің өзара тиімділігіне тоқталды.

"Мемлекет басшысы ауылдық жерлерде бизнесті қолдау мен дамыту мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды. Бүгінгі меморандум "Ауыл аманаты" жобасына қатысушылар үшін үлкен көмек болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерде ірі және, ең бастысы, тұрақты тұтынушы пайда болды", - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.

Келіссөздер барысында логистика мәселелері талқыланды. БҚО елді мекендері арасындағы қашықтық тауарлардың түпкілікті құнына әсер ететіні атап өтілді. Мәселені шешу үшін орталық оператор ретінде "Ақ Жайық" ӘКК-ні қосу туралы шешім қабылданды. Отандық өндірушілерге өнімді тасымалдау кезінде қолдау көрсетілетін болады.

Консорциум басшылығы осы бағыттағы тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

"Экологиялық таза және сапалы азық-түлік өнімдерін сатып алу бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар кәсіпорын қызметіне оң әсерін тигізетініне сенімдімін. Біздің кеңселеріміз бен зауыттарымыз Батыс Қазақстан облысында орналасқандықтан, бізге жергілікті өнімдерді сатып алу ыңғайлы", - деді Karachaganak Petroleum Operating компаниясы бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер