03 Қазан, 2023 Жаңалықтар
0  

ҚТЖ қазан айына астық пен ұнтақтау өнімдерін тасымалдау жоспарын келісті

КТЖ Зерно Мука
ҚТЖ қазан айына астық пен ұнтақтау өнімдерін тасымалдау жоспарын келісті

"Қазақстан темір жолы" компаниясы 1,3 млн тонна көлемінде астық тасымалдаудың негізгі жоспарын және 393 мың тонна көлемінде ұнтақтау өнімдерін келісті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазанға астық тасымалдаудың негізгі жоспары 1,3 млн тонна көлемінде келісілді. Бұл көрсеткіш қыркүйек айындағы астық тасымалдау көлемінен 490 мың тоннаға артық. Ел ішінде 158 мың тонна көлемінде, экспортқа – 1,2 млн тоннадан астам тасымалдау келісілді. Қазанға арналған ұнтақтау өнімдерін (ұнды) тасымалдаудың негізгі жоспары 393 мың тонна көлемінде, республика бойынша - 55 мың тоннадан астам, экспортқа - 337 мың тоннадан астам көлемде келісілді", - деп хабарлады ұлттық компания.

ҚТЖ астық пен ұнтақтау өнімдерінің үлкен үлесі экспортқа бағытталатынын атап өтті. Бұл ретте Сарыағаш станциясының теміржол өтпелі пункті арқылы 663 мың тонна астық пен 245 мың тонна ұнтақтау өнімдерін экспорттау жоспарлануда. Ол үшін Өзбек темір жолымен тасымалдарға сұраныстың артуы кезеңінде пойыздарды қабылдауды ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қыркүйек айында теміржол арқылы астық тасымалдау өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 8% - ға артып, 806 мың тоннаны құрады. Экспорт 21% - ға өсті. Ұнтақтау өнімдерін тиеу 2% - ға өсіп, 264 мың тоннаны құрады. Республика бойынша жүк тиеу 15%-ға артты.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
20 Нау 2026
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Бройлер балапандары
Етті
Етті
Теңге қолма-қол
бас
450 тг
Сату
20 Нау 2026
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Несушка Балапан Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Теңге қолма-қол
бас
1 500 тг
Сатып алу
20 Нау 2026
Т«
ТОО «Prestige Astyq Trade»
Акмолинская обл элеватор Жасыл
Қоңыр зығыр Закуп льна
ЖШС ШҚ
ЖШС ШҚ
Келісуге болады
Сату
20 Нау 2026
ДИ
Диана
Кокшетау, Казахстан
Көк жасымық Продаю зеленую чечевицу (тарелочная)
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
Келісуге болады
Сату
19 Нау 2026
МЕ
Менеджер
Караганда, Казахстан
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Автомобильные и вагонные (ЖД) весы
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
ҚҚС-пен теңге
дана
8 500 000 тг
Біздің серіктестер