2024 жылғы 1 ақпаннан бастап АШМ-нің Қазақстаннан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне бұқашықтар мен қошқарларды әкетуге квоталар көлемі туралы бұйрығы күшіне енеді. Норма алты ай бойы жарамды болады. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
12 айдан асқан бұқашықтарды әкету үшін сандық лимит 60 мың басты құрайды: бордақылау алаңдары мен тауар өндірушілер үшін 30 мың бастан.
6 айдан асқан қойларды әкетуге квоталар - 120 мың бас: бордақылау алаңдары үшін – 30 мың бас; тауар өндірушілер үшін - 90 мың бас.
Бір бордақылау алаңынан 12 айдан асқан 4 мың бұқашықты, ал бір тауар өндірушіге – жиынтық саны 500 басқа дейін әкетуге рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, бір бордақылау алаңынан алты айдан асқан 1000 қойға дейін, ал бір тауар өндірушіге – 500 басқа дейін экспорттауға болады.
Квоталар "Е-лицензиялау" порталында бөлінеді: квота "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия алған кезде автоматты түрде беріледі.
Квоталар толық таусылғанға дейін бөлінеді.