06 Қараша, 2023 Жаңалықтар
0  

АШМ 2030 жылға дейін АӨК дамыту тұжырымдамасын түзетеді

Минсельхоз Серик Жумангарин Лизинг господдержка
АШМ 2030 жылға дейін АӨК дамыту тұжырымдамасын түзетеді
Фотосуретті түсірген: ҚР АШМ

2030 жылға дейін АӨК дамыту тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан фермерлері қауымдастығының 20 жылдығына арналған республикалық конференция барысында АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы күз фермерлер үшін оңай емес. Оларды қолдау үшін бидайды нарықтық бағамен кепілдендірілген сатып алу қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ Азық-түлік корпорациясының қорлары базасында тұқым қоры қалыптастырылады, субсидиялар бойынша борыштарды төлеу мәселесі пысықталады, тауар өндірушілердің несиелері мен қарыздарын ұзарту қамтамасыз етіледі.

"Бірақ бұл шаралардың өзі АӨК алдына қойылған міндеттерді орындау үшін жеткіліксіз екенін бәріміз түсінеміз. Сондықтан біз жеңілдетілген несиелеу мен лизинг көлемін және субсидиялау көлемін ұлғайту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қазір АӨК-і дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын түзету жұмыстары жүргізілуде. Қауымдастық мүшелерінен белсенді қатысуды сұраймын", - деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин.

Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров енгізілетін түзетулердің бірнеше негізгі бағыттарын белгіледі.

Бірінші. Өсімдік шаруашылығында егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары күшейтіледі - жоғары рентабельді дақылдарға көшеді және ылғал көп қажет ететін дақылдарды азайтады.

Екінші. Су үнемдеу технологиялары қолданылатын суармалы жерлердің ауданын жылына 150 мың гектарға дейін ұлғайту жөніндегі жұмыс күшейтіледі. Ол үшін суару техникасын қаржыландырудың арнайы бағдарламасы әзірленеді.

Үшінші. Машина-трактор паркін жаңарту үшін "Жасыл Даму" қаражатынан отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға 20 млрд теңге бөлінді. Тағы 20 млрд теңге жемшөп дайындау техникасы мен мобильді суару жүйелерін қаржыландыруға жұмсалады. Жалпы, "ҚазАгроҚаржы" арқылы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингінің жыл сайынғы көлемі 170 млрд теңгеден асады. Министрлік жеңілдікті лизинг және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды субсидиялау мақсаттарына қаржыландыруды ұлғайту бойынша жұмыс істеуде.

Төртінші. Ауыл шаруашылығы министрлігі тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша жеке кешенді жоспар әзірлейді. Оның шеңберінде республиканың импорт алмастыру әлеуеті мен экспортқа бағдарлануын, өңірлердің мамандануын, шикізат базасы мен логистиканың болуын ескере отырып, қолданыстағыларын жаңғыртады және жаңа қайта өңдеу өндірістерін құрады. Кешенді жоспардың негізгі мәселелерінің бірі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын қаржыландыру болады.

Айдарбек Сапаров сондай-ақ Қазақстан фермерлер қауымдастығы АӨК саласындағы ең ірі қоғамдық бірлестіктердің бірі болып табылатынын атап өтті. Ол 60 мыңнан астам шағын, орта және ірі тауар өндірушілердің мүдделерін білдіреді. Қауымдастықтың қолдауымен әр жылдары дағдарысқа қарсы шаралар қабылданып, ауыл шаруашылығы саласында салық салу жетілдірілді. Оның ішінде биылғы жылы Министрлік пен Қауымдастықтың бірлескен жұмысының арқасында Үкімет резервінен Жамбыл облысының зардап шеккен фермерлеріне қаржылық көмек ретінде 3,7 млрд теңге бөлінді.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер