14 Қараша, 2023 Жаңалықтар
0  

АШМ "Ауыл аманаты" бағдарламасына түзетулер енгізуде

Ауыл аманаты Финансы Кредитование
АШМ "Ауыл аманаты" бағдарламасына түзетулер енгізуде

"Ауыл аманаты" бағдарламасын іске асыру тетігін жетілдіру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл тұрғындарына несие берудің негізгі шарттары мен тәртібін регламенттейтін қағидалар жобасын әзірледі. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Түзетулерде, біріншіден, бағдарламаға қатысушылардың нақты тізімі анықталды:

  • жұмыссыздар;
  • ЖК ретінде мемлекеттік тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) әрекетсіз ЖК;
  • отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
  • сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;
  • "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" ҚР Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері;
  • жаңадан бастаған және жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлер.

Екіншіден, әрбір ауылдық округке несие берудің басым бағыттарын айқындау бойынша талаптар көзделген. Бұл ретте мал шаруашылығы бағыты бойынша бағдарламаға бөлінген қаражаттың 50% - нан аспайтын лимит белгіленді.

Үшіншіден, жобаларды іріктеудің негізгі критерийлері анықталды:

  • жобаның басым бағыттарға сәйкестігі;
  • тұрақты жұмыс орындарын құру;
  • жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада өтінім берген күні тұрғылықты жері бойынша үміткерді кемінде 12 ай тұрақты тіркеудің болуы;
  • жаңа, бұрын пайдаланылмаған техниканы, жабдықтарды сатып алу.

Жеңіл автокөлікті; ауыл шаруашылығы жануарларын жақын туыстарынан; ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде бұрын шағын несие беру қаражаты есебінен сатып алынған ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, сондай-ақ оларды кейіннен жалға беру үшін ғимараттар, үй-жайлар, тұрғын үйлер салуға шағын несие беруге жол берілмейді.

"Ауыл аманаты" бағдарламасын іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 17 мың шағын несие беру жоспарымен 100 млрд теңге бөлінді. Бұл ауылда 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

АШМ деректері бойынша 6 қарашада 88,4 млрд теңгеге 14 284 өтінім қаралуда, 66,2 млрд теңгеге 10 878 өтінім мақұлданды; 53,6 млрд теңгеге 8 761 шағын несие берілді. Қаражат ШҚО (1,5 млрд теңге), Қостанай (1,6 млрд теңге) және Павлодар облыстарында (1,5 млрд теңге) толық игерілді.

"Ауыл аманаты" бағдарламасын іске асыру үшін 2024 жылы 100 млрд теңге, 2025 және 2026 жылдары – 50 млрд теңгеден қарастырылған.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.
Біздің серіктестер