13 Желтоқсан, 2024 Жаңалықтар
0  

2025 жылы ауыл тұрғындарына шағын несиеге 50 млрд теңге бөлінеді

Тамара Дуйсенова Ауыл аманаты Финансы
2025 жылы ауыл тұрғындарына шағын несиеге 50 млрд теңге бөлінеді
Фотосурет көзі: primeminister.kz

2025 жылы ауыл тұрғындарының бизнесін қаржыландыруға "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша бюджеттен 50 млрд теңге бөлінеді. Қаржыландырумен бір мезгілде өңірлердің алдына шағын фермерлер мен шаруашылықтар өндірген өнімді өткізуді ұйымдастыру міндеті қойылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Ауыл аманаты" бағдарламасын жетілдіру үшін жұмыс жүргізілді, оның барысында әрбір өңірдің, ауданның және ауылдың мамандануы нақтыланды, өтінімдерді қабылдау үшін ақпараттық жүйе енгізілді және ауылдық жерлерде мемлекеттік қолдаудың басқа түрлерін шоғырландыру қажеттілігі айқындалды. Бағдарламаны одан әрі дамыту республикалық семинарда талқыланды.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова шағын несие алушылар өндіретін өнімді өткізу арналарын жолға қоюға ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Әкімдердің алдында несиелерді бөліп қана қоймай, әр жобаны толық аяқтап, табысқа жеткенше сүйемелдеу міндеті тұр.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында табысты мысалдар бар. Мұнда әкімдер ірі кәсіпорындармен меморандумдар жасасты, бұл жергілікті өндірушілерді қолдауды қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді. Бұл ретте өнім сапасының белгіленген стандарттарға сәйкестігіне ерекше назар аударылады.

Негізгі мақсат - өндірушілердің кірістерінің өсуіне ықпал ететін ауылшаруашылық өнімдері үшін тұрақты өткізу көздерін құру. Вице-премьер бұл міндетті іске асыру үшін жауапкершілік ауылдық округтердің, аудандар мен облыстардың әкімдеріне жүктелетінін атап өтті.

"Келесі жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі 50 млрд теңге бөледі, 2026 жылы дәл осындай сома көзделетін болады. Бұл қаражат өңірлерге нақты талаптардың орындалуын ескере отырып бағытталатын болады: жобаларда өнімді өндіру мен өткізудің нақты схемасы болуға тиіс, шағын несилерді беру/қайтару және мониторингілеу АШМ-нің цифрлық платформасы арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл ретте 2025 жылы бөлінген қаражаттың 20% ауыл шаруашылығы техникасын лизингке, 20% ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үшін және 60% басқа бағыттарға пайдалану құқығы берілді", - деп мәлімдеді Тамара Дүйсенова.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер