25 Қараша, 2024 Жаңалықтар
0  

Қазақтың жылқы тұқымын жандандыруға бес жыл қажет болады

Коневодство Животноводство
Қазақтың жылқы тұқымын жандандыруға бес жыл қажет болады
Фотосурет көзі: ҚР АШМ

Қазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институты жұмысын бастады, оның міндеті қазақ жылқы тұқымдарының гендік қорын сақтау және жылқы шаруашылығының селекциялық-асыл тұқымдық жұмысын үйлестіру болып табылады. Ғалымдардың алдын ала есептеулері бойынша, қазақ тұқымдарын қалпына келтіру жұмыстары кемінде бес жылға созылады. Жылқы шаруашылығының осы бағытын дамыту жөніндегі жоспарлар вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен үіметтегі кеңесте талқыланды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Жылқы шаруашылығы институтының басшысы Әлібек Базарғалиев таяу арада елдің жетекші жылқы өсірушілері республика бойынша Қазақ асыл тұқымды жылқыларына зерттеу жүргізетінін, оның қорытындысы бойынша жылқы тұқымдарын жаңғырту жоспары жасалатынын айтты.

Сондай-ақ Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының базасында құрылған Жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институты жылқы шаруашылығын толыққанды теңдестірілген азықпен қамтамасыз ету үшін өсімдік шаруашылығы жөніндегі бұрынғы қызметтің бір бөлігін қалдырады.

Кеңесте қостанайлық жылқы тұқымын өсіруге маманданған "Қазақ тұлпары" жылқы зауытының жағдайы тыңдалды. Кәсіпорында жүзден аз асыл тұқымды жылқылар қалды - бұл жылқы тұқымын өсіру және танымал ету үшін өте аз. Сондай-ақ, қоралар мен жануарларды ұстау және өсіру шарттары туралы мәселе өткір тұр. Бұл мәселелер жеке инвестицияларды тарта отырып, Жылқы шаруашылығы институтының қазақ жылқы тұқымдарын сақтаудың бірыңғай саясаты шеңберінде де шешілетін болады. Қостанайлық жылқы тұқымы мініс, жүйрік екенін назарға ала отырып, болашақта "Қазақ тұлпары" ЖШС базасында ат спорты мектебін құру жоспарлануда.

Үкіметтің мәліметінше, Қазақстанда түрлі бағыттағы 13 жылқы тұқымы өсіріледі. Ғалым-селекционерлер тәжірибеші-селекционерлермен бірге қостанай жылқысы (1951 ж.), көшім жылқысы (1976 ж.) және мұғалжар жылқысы (1998 ж.) сияқты етті-сүтті бағытындағы танымал отандық тұқымдарды өсірді. Отандық тұқымдар Қазақстанның жергілікті жылқы тұқымдарының құндылығын жақсартады. Олардың өнімділік қасиеттері бойынша олар әлемдік стандарттар деңгейінде, ал жыл бойы тебіндеп жайылуы, қатал табиғат жағдайында күтіп-бағуға бейімделуі бойынша баламасы жоқ.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
01 Ақп 2026
ПР
Продавец
Кокшетау, Казахстан
Сүтті табынның жас ІҚМ Оптом и в розницу Плем телята телочки и бычки
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
200 000 тг
Сату
01 Ақп 2026
ДА
Данил
Аршалы, Акмолинская область, Казахстан
Етті табынның жас ІҚМ Продам Крупный рогатый скот КРС
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
100 000 тг
Сатып алу
29 Қан 2026
Azamat
Караганда, Казахстан
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары Куплю овес семена сорт Скакун
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Келісуге болады
Предоставляю услуги
29 Қан 2026
MY
Mukayev Yerkin
-
Перевозки автотранспортом УСЛУГА-🌾🌾Зерновоз Шакман 🚚 с прицепом ( боковал )
Келісуге болады
Сатып алу
29 Қан 2026
DE
Del
Казахстан
Бидай 4 сын Куплю пшеницу 4 класс
Келісуге болады
Біздің серіктестер