ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26 қыркүйектегі бұйрығымен Қазақстан аумағына бидайды автокөлікпен әкелуге тыйым салу алты ай мерзімге ұзартылды. Бұдан басқа, лицензияланған элеваторларға, астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарына арналған астық импортын қоспағанда, 11 қазаннан бастап Теміржол көлігімен бидай әкелуге жарты жылдық тыйым салынды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шектеулер бидайдың "сұр импортын" болдырмау мақсатында енгізілді.
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай әкелуге құқығы бар лицензияланған элеваторлардың тізімін жариялады. Астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарының тізімін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастырады және өзектендіреді.
"Т/ж көлігімен әкелуге енгізілетін шектеулер Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдарға қолданылмайды", - деп хабарлады АШМ-де.