Қызылордада 22 сәуірде бәйгеден Қазақстан чемпионаты аясында оңтүстік өңірлер арасында екінші іріктеу турнирі өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов және "Бәйге" республикалық федерациясының президенті Қанат Көпбаев қатысты.
Турнирді аша отырып, өңір басшысы қазақ халқының менталитетінде терең тамыр жайған шабандоздық мәдениетін және оның біздің тарихымыз бен дәстүрлерімізбен байланысын атап өтті.
Өз кезегінде "Бәйге" федерациясының президенті Қанат Көпбаев жарысқа қатысушыларға табыс тілеп, бәйгенің қазақстандықтар үшін маңыздылығын атап өтті.
"Ат спорты, оның ішінде бәйге - халқымыздың ата-баба дәстүрі. Ат спорты біздің қанымызда. Бұл тек спорт түрі ғана емес, сонымен қатар ерекше мәдениет пен қолөнер, ұлы ата-бабаларымыздың мұрасы. Біздің міндетіміз – ұлттық спортты дамыту және насихаттау. Бүгін спортшыларға сәттілік тілеймін!"- деді Қанат Көпбаев.
Турнирге Қызылордада еліміздің әр өңірінен 140-тан астам өтінім қабылданды.
Құнан бәйге пәні бойынша жүлде қоры 6 700 000 теңгені құрады.
І орынды Алматы облысынан келген жокей Абзал Тұрғанбекпен бірге Нұркелді жылқысы иеленді. II орынды тұлпар Темірлан иеленді, Жамбыл облысынан келген Бағжан Айдаралы шабандоз болды. Жүлдегерлердің үштігін Алматыдан келген жокей Думан Ердәулетовпен Айтолқын атты жылқысы иеленді. IV орынды Айпері жылқысы иеленді, Жамбыл облысынан келген Ақмолда Сұлтан жокей болды. Ал V орынды Жамбыл облысының тұрғыны Асыланбек Әбдіқал шабандоз болған Бұршақшы аты алды.
Бәйгеде жүлде қоры 9 600 000 теңгені құрады. Бұл жарыста үздігі Семсер аты атанды, Алматы облысының тұрғыны Арнат Мұратхан шабандоз болды. II орынды Алматыдан келген жокей Думан Ердәулетовпен бірге Ажар атты айғыр иеленді. III орынды Алматы облысынан келген шабандоз Арнұр Саматұлымен Мұзбалақ атты ат жеңіп алды. Төртінші орынды Алматы облысынан келген жокей Қуат Әділқаспен Дарабоз атты жылқы иеленді. Бесінші орын Жігер атты атқа берілді, шабандоз Қызылорда қаласынан Қуаныш Ердәулет болды.
Аламан бәйгеде жүлделі орындар келесідей бөлінді. І орынды Алғыр атты айғыр иеленді, Алматы облысынан Ермосұлы Алдияр жокей болды.
Жеңісі үшін оған жарыстың бас жүлдесі - Hyundai Bayon автокөлігі берілді. II орынды Алматы облысынан келген Нұр атты ат, Абзал Тұрғанбек жеңіп алды. III орында Алматы облысынан Батал атты жылқы, жокей Дильнур Нұрмұқаш тұр. Сайгон атты Алматы облысынан шабандоз Ділдахан Бекзат Мақсатұлымен жарыста IV орын алды. Көшбасшылардың бестігіне Сұңқар атты ат кірді, Алматы облысынан келген Нұралы Болат жокей болды. Сонымен қатар, турнир аясында алғаш рет 53 қыз қатысқан ұлттық костюмдер байқауы өтті. Қатысушылардың ұлттық костюмдері тігін шеберлігі мен шығармашылық мәнерлілігі үшін бағаланды. I орын иегері 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.
Чемпионат ипподромда 6 мыңға жуық көрермен жинады, олар үшін негізгі жарыстардан басқа серіктестердің лотереялары, ұлттық ойындары бар аймақтар және Федерация Амбассадоры Асылбек Ергеповтың музыкалық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Турнирді Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен "Бәйге федерациясы" республикалық бірлестігі ұйымдастырды. Іс-шараның серіктестері: Hyundai Bayon, Compass, Kazpetrol Group және Olimpbet брендімен Kusto Group, Astana Motors.