01 Қыркүйек, 2023 Жаңалықтар
0  

Тоқаев АӨК қайта өңдеудегі салық саясатын қайта қарауды тапсырды

Налоги Финансы Касым-Жомарт Токаев Экспорт
Тоқаев АӨК қайта өңдеудегі салық саясатын қайта қарауды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық секторда қайта өңдеуді дамыту үшін салықтық ынталандыруды қарастыруды және экспортты қолдауды тапсырды.

"Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет", - деді президент бүгін Қазақстан халқына Жолдауында.

Оның пікірінше, ішкі нарықты ұстап тұру және экспортты ұлғайту үшін елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Сондықтан ол отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіруін ынталандыруға, сондай-ақ өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тартуға шақырды.

Ет, сүт және астықты терең өңдеу, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамыту басым бағыттар болып қала береді.

"Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн. Осы ретте 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жетістіктері көпке үлгі. Шаруалардың тәжірибесі мол, жем-шөп қоры да жеткілікті. Оған қоса байыпты қолдау шаралары қолға алынған. Осының бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәтиже беріп отыр. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар салған кезде осы тәжірибені басшылыққа алу керек", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, президент Қазақстанның тауарларын шетелге таныту және шығару үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Ол жылдар бойы қалыптасқан ішкі және сыртқы нарықтағы орнымызды сақтап қалу айрықша маңызды екенін атап өтті. Үкімет алдында сыртқа шығарылатын өнім нарығының ауқымын жоспарлы түрде кеңейту міндеті тұр.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
20 Нау 2026
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Бройлер балапандары
Етті
Етті
Теңге қолма-қол
бас
450 тг
Сату
20 Нау 2026
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Несушка Балапан Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Теңге қолма-қол
бас
1 500 тг
Сатып алу
20 Нау 2026
Т«
ТОО «Prestige Astyq Trade»
Акмолинская обл элеватор Жасыл
Қоңыр зығыр Закуп льна
ЖШС ШҚ
ЖШС ШҚ
Келісуге болады
Сату
20 Нау 2026
ДИ
Диана
Кокшетау, Казахстан
Көк жасымық Продаю зеленую чечевицу (тарелочная)
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
Келісуге болады
Сату
19 Нау 2026
МЕ
Менеджер
Караганда, Казахстан
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Автомобильные и вагонные (ЖД) весы
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
ҚҚС-пен теңге
дана
8 500 000 тг
Біздің серіктестер