20 Ақпан, 2023 Жаңалықтар
0  

Ауыл шаруашылығы министрлігі дизель отынын электрондық бөлуді енгізеді

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫ
Ауыл шаруашылығы министрлігі дизель отынын электрондық бөлуді енгізеді
Фото көзі: ElDala.kz

Дизель отынын маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарына бөлудің жаңа тетіктерін биыл ауыл шаруашылығы министрлігі іске қосады. Бұл туралы ElDala.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Дизель отынын бөлудің барлық процестерін, оның ішінде дизель отынын жеткізу жөніндегі операторларды айқындау жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібін және операторларды айқындау шарттарын, сондай-ақ дизель отынының көлемін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінде электрондық қалыптастыру және бөлу процесін қамтитын қағидалар жобасы әзірленді", - деп хабарлады ведомстводан.

Фермерлер үшін жанармай көлемін қалыптастыру және бөлу ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша 1 га дизель отыны шығысының нормативтеріне сәйкес егіс алқаптарын ескере отырып жүргізілетін болады.

Дизель отынын алушылардың тізілімі gosagro.kz порталында автоматтандырылған режимде құрылады.

Қазіргі уақытта қағидалар жобасы салалық қоғамдық ұйымдар мен "Атамекен" ҰКП-да қарау және келісу рәсімінен өтуде. Құжаттың жобасымен "Ашық НҚА" порталында да танысуға болады.

"Барлық келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар қаралатын және негізділік жағдайында Қағидалар жобасын пысықтау кезінде ескерілетін болады", - деп толықтырды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, дизель отынын электрондық бөлуді СМБАЖ-не енгізу республика өңірлерінде пилоттық режимде сынақтан өткізгеннен кейін ғана жоспарланады.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
Кеше
ПР
Продавец
Кокшетау, Казахстан
Сүтті табынның жас ІҚМ Оптом и в розницу Плем телята телочки и бычки
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
200 000 тг
Сату
Кеше
ДА
Данил
Аршалы, Акмолинская область, Казахстан
Етті табынның жас ІҚМ Продам Крупный рогатый скот КРС
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
100 000 тг
Сатып алу
29 Қан 2026
Azamat
Караганда, Казахстан
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары Куплю овес семена сорт Скакун
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Келісуге болады
Предоставляю услуги
29 Қан 2026
MY
Mukayev Yerkin
-
Перевозки автотранспортом УСЛУГА-🌾🌾Зерновоз Шакман 🚚 с прицепом ( боковал )
Келісуге болады
Сатып алу
29 Қан 2026
DE
Del
Казахстан
Бидай 4 сын Куплю пшеницу 4 класс
Келісуге болады
Біздің серіктестер