31 Мамыр, 2024 Жаңалықтар
0  

"Ауыл аманаты" бағдарламасына қатысуға өтінімді онлайн беруге болады

Ауыл аманаты Финансы
"Ауыл аманаты" бағдарламасына қатысуға өтінімді онлайн беруге болады

"Ауыл аманаты" ауыл тұрғындарының табысын арттыру бағдарламасына қатысқысы келетіндер үшін электрондық ақпараттық жүйе әзірленуде. Портал өз ісін қашықтан ашу үшін жеңілдікті несие алуға өтінім беруге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірлерде бағдарламаға қатысушыларды жеңілдікпен несиелеу процесін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үйлестіреді. Олардың кеңселері облыс орталықтарында орналасқан, бұл шалғайдағы ауылдардың тұрғындары үшін аса ыңғайлы емес. Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауовтың хабарлауынша, әзірленіп жатқан портал өтінімді онлайн тапсырып қана қоймай, оны нақты уақыт режимінде қарау процесін бақылауға мүмкіндік береді.

"Өтінім беруші жүйеде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркеледі және қажетті құжаттарды жүктейді. Пайдаланушының рұқсатымен оның жеке деректері тексеріледі, олардың кейбіреулері автоматты түрде толтырылады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияда өтінімді қарау рәсімі бірнеше кезеңнен тұрады. "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша жеке кабинет арқылы жеңілдікті несие алғысы келетіндер құжаттары нақты қай маманда екенін көре алады", — деді Бағлан Бекбауов.

Жамбыл облысында электрондық жүйені пилоттық режимде енгізу жоспарлануда.

"Ақпараттық жүйенің қажетті дерекқорлармен интеграциялануын мұқият бақылау қажет. Біздің басты мақсатымыз ауыл тұрғындарының табысын арттыру екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан берілген несиелер ауыл тұрғындарының тұрақты табыс табуына ықпал етуі керек. Өз ісін ашқандар немесе "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқандар туралы деректер тиісті базалар арқылы тексерілетін болады. Өңірлер бағдарламаны іске асырудың тиімділігін мұқият бақылауда ұстауы тиіс", - деп атап өтті премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Предоставляю услуги
Бүгін
БА
Батырхан
-
Установка и монтаж оборудования Услуги сервиса, ремонта, монтажа
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ Голштин Симментал тұқымы
ҚҚС-пен теңге
дана
10 000 тг
Сату
Кеше
МА
Мади
Жамбылская область
ҰҚМ, асыл тұқымды мал Овцы породы Арашан
ҰҚМ
ҰҚМ
Теңге қолма-қол
бас
500 000 тг
Предоставляю услуги
11 Мау 2026
Богдан
-
Агрономический консалтинг Программа для точного расчета минерального питания
Telegram
Доллар
дана
$ 280
Предоставляю услуги
11 Мау 2026
Богдан
-
Агрономический консалтинг Расчёт минерального питания
Telegram
Доллар
дана
$ 41
Сату
03 Мау 2026
BA
Ba
Талдыкорган
Соя күнжарасы Соевый шрот
Үйінді Қазақстан Республикасының барлық өңірлері
Үйінді Қазақстан Республикасының барлық өңірлері
Доллар
тонна
$ 525
Біздің серіктестер