14 Шілде, 2023 Жаңалықтар
0  

Азық-түлік корпорациясы Қытайға майлы дақылдарды жеткізуді талқылауда

Китай Продкорпорация Зерно Экспорт МАСЛИЧНЫЕ
Азық-түлік корпорациясы Қытайға майлы дақылдарды жеткізуді талқылауда
Фотосуретті түсірген: ҚР АШМ

Келіссөздер барысында Қытайға зығыр, арпа, күнбағыс және күнжара жеткізу мүмкіндігін Азық-түлік корпорациясының төрағасы Асылхан Джувашев және Қазақстанға келген COFCO компаниясының вице-президенті Чжу Цзэ талқылады. Бұл туралы Азық-түлік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

COFCO Қытайдағы қазақстандық бидайдың ірі импорттаушысы болып табылады. Бұған дейін компания Азық-түлік корпорациясымен 75 мың тонна бидай жеткізуге келісімшарттар жасасқан болатын. Аспан асты еліне жыл сайынғы экспорт көлемін астық таситын көліктермен және жабық вагондармен 1 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда, деп хабарлады корпорация.

Азық-түлік корпорациясы мен COFCO арасындағы қолданыстағы шарттар толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалатын болады, деп сендірді Асылхан Джувашев. Өз кезегінде Чжу Цзэ компанияның ҚХР-ға қазақстандық агроөнімдерді жеткізу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендігін атап өтті.

Баспасөз қызметі Қазақстанға сапары аясында қытай делегациясы Азық-түлік корпорациясы қызметінің барлық әлеуетін зерттей алғанын атап өтті. COFCO өкілдері элеваторларға және ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтаудың басқа да қуаттарына барды, соның ішінде Ақмола облысындағы №1 Нан базасының жұмысымен танысты. Элеватордың қуаты шамамен 190 мың тоннаны құрайды, кәсіпорында Астықты қабылдау, кептіру, сақтау және жөнелту үшін барлық қажетті заманауи жабдықтар бар.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер