16 Қазан, 2024 Жаңалықтар
0  

Азық-түлік корпорациясы қазақстандық астықты Қырғызстанға жеткізеді

Айдарбек Сапаров Кыргызстан Пшеница Экспорт
Азық-түлік корпорациясы қазақстандық астықты Қырғызстанға жеткізеді
Фотосурет көзі: ҚР АШМ

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров министрлер кабинеті төрағасының орынбасары - Қырғызстан су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаевпен кездесуде ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізуді ұлғайту туралы келісті. Атап айтқанда, Қазақстан көрші елге бидай жеткізуді қайта бастайды, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесуде соңғы бірнеше жылда Қырғызстан көрші елдерден дәнді дақылдар сатып алғаны атап өтілді. Тараптар қазақстандық бидайды жеткізу туралы уағдаласты. Бақыт Торобаев ұн тартушыларға бұл мәселені Азық-түлік корпорациясының өкілдерімен пысықтауды тапсырды. Корпорация алғашқы сынақ партиясын жақын арада жөнелтеді.

Сонымен қатар, Қырғызстан минералды тыңайтқыштарды импорттауға, ІҚМ мен ҰММ экспорттық квоталарды ұлғайтуға қызығушылық білдірді. Қазақстан өз кезегінде ерте пісетін көкөністерді импорттауға мүдделі.

Сондай-ақ екі елдің ғылыми-зерттеу институттары, аграрлық жоғары оқу орындары арасында, өсімдіктердің жаңа сұрыптары мен будандарымен алмасу саласындағы өзара іс-қимыл жандандырылатын болады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2023 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы $299,4 млн құрады, оның ішінде $220,1 млн – экспорт және $79,3 млн - импорт. 2024 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстаннан макарон өнімдері, бидай ұны, күнбағыс майы және басқа да тауарлар экспортының өсуі байқалады, Қырғызстан минералды және газдалған су, сүт және нан-тоқаш өнімдерінің импортын ұлғайтты.

"Ауыл шаруашылығы - бұл біздің ынтымақтастығымызға арналған стратегиялық сала. Біз сауда көлемін ұлғайту, оның құрылымын жақсарту және жеткізілетін тауарлар ассортиментін кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруымыз керек", - деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Кездесу соңында министрлер туындаған мәселелерді жедел шешу үшін жұмыс тобын құруға келісті.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Сепаратор Зерноочистительный сепаратор РВС 40,60 т\ч с системой аспирации
ҚҚС-пен теңге
дана
23 600 000 тг
Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Транспортёрное оборудование: Норийное, Скребковое, Шнековое,Конвейерное.
Дәнді дақылдар үшін
Дәнді дақылдар үшін
Келісуге болады
Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Сепаратор Самоходный зерноочистительный комплекс САД 4-50 т\ч
None
дана
9200000.00
Сату
03 Жел 2025
АН
Анара
Талгар, Қазақстан
Тауықтар Бройлеры живым весом 1200 тг
Етті 100+ 1000+
Етті 100+ 1000+
Теңге қолма-қол
бас
1 200 тг
Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Сепаратор Зерноочистительный сепаратор САД 4-150 т\ч
ҚҚС-пен теңге
дана
2 245 000 тг
Біздің серіктестер