Азық-түлік корпорациясы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден мал және құс шаруашылығы салаларының кәсіпорындарына жемдік астықты (5-класты бидай, класқа жатпайтын бидай, жемдік арпа) жеткізуді ұйымдастырады. Бұл туралы корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.
Астықты сату Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының элеваторларынан жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Корпорация теміржол арқылы жеткізуді ұйымдастыруға дайын.
Бүгінгі таңда Азық-түлік корпорациясы отандық мал және құс шаруашылығы шаруашылықтары үшін жалпы көлемі 111,6 мың тонна жемдік астық сатуды жүзеге асырды.
Қосымша ақпаратты келесі мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады:
Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі су басу аймақтарында малды қауіпсіз жайылым орындарына көшіру бойынша жұмыстар ұйымдастырылғанын хабарлады. Жедел деректер бойынша 30 мыңға жуық ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз қашықтыққа айдалды.
Сонымен қатар, су тасқынына байланысты мал өлімінен құтылу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта өлген жануарлардың саны есептелуде. Өлген жануарлардың иелеріне жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ өзге де көздер есебінен өтемақы көзделетін болады.
Айдалып кеткен мал басына жем жетіспеген жағдайда Азық-түлік корпорациясы фермерлердің өтінімдері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру шартымен Жем беруді ұйымдастыруға мүмкіндігі бар. Ол үшін облыстық штабқа келесі нөмірлер бойынша хабарласу қажет: