18 Қыркүйек, 2023 Жаңалықтар
0  

Азық-түлік корпорациясы алдағы күндері сатып алу бағасын жариялайды

Продкорпорация Зерно Цены
Азық-түлік корпорациясы алдағы күндері сатып алу бағасын жариялайды

Азық-түлік корпорациясы әзірге астықты форвардтық сатып алу аясында бағаны белгілеген жоқ және оны жақын арада жасауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Азық-түлік корпорациясы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасы туралы дұрыс емес ақпарат таратылатынын ескертті. Барлық өзекті ақпарат Азық-түлік корпорациясының ресми веб-ресурстарында жарияланады.

Ағымдағы жылы Азық-түлік корпорациясы 21,2 млрд теңге сомасына 216 форвардтық сатып алу шартын жасасты. Келісімшартқа отырған өнімнің жалпы көлемі 292,2 мың тоннаны құрады: бидай, арпа, қарақұмық, күріш, зығыр және күнбағыс, күнжара тұқымдары.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.
Біздің серіктестер