28 Қараша, 2024 Жаңалықтар
0  

АШМ жанынан етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыс тобы ашылады

Животноводство Мясное животноводство Минсельхоз РК
АШМ жанынан етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыс тобы ашылады
Фотосурет көзі: ҚР АШМ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров құрамына етті мал шаруашылығы саласының өкілдері кіретін жұмыс тобын құруды тапсырды. Топтың негізгі мақсаты Ауыл шаруашылығы министрлігімен саланы дамыту мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимыл жасау болады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Етті мал шаруашылығын дамытудың проблемалық мәселелерін Айдарбек Сапаров ІҚМ тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың өкілдерімен кездесуде талқылады.

"Мал шаруашылығы еліміздің АӨК негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның үлесіне ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің шамамен 40%-ы тиесілі. Сала тұрақты қарқынмен дамып келеді. Сонымен қатар, біз бүгін талқылап, оларды шешу жолдарын әзірлеуіміз қажет бірқатар мәселелер бар. Жалпы, ІҚМ басының тұрақты өсуі байқалады. 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өсім 120,6% құрады. ІҚМ жалпы саны 8,2 млн басты құрайды, оның ішінде ет және ет–сүт бағыттары - 4 млн. астам. Сиыр еті 313,8 мың тонна өндірілді, өсімі 106,2%. Біз өз қажеттіліктерімізді 101% қанағаттандырамыз", - деді Айдарбек Сапаров.

Сонымен қатар, министр етті мал шаруашылығының дамуын тежейтін бірқатар проблемалар бар екенін атап өтті. Сала өкілдері шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелерді және жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарды айтты. Олардың қатарында айналым қаражатының жетіспеушілігі, ет экспортының логистикасы, салық салу мәселелері, цифрлық құралдарды дұрыс есепке алу және қолдану қажеттілігі, шаруашылықтарды экспорттаушылар тізіліміне енгізу және басқалар бар.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
05 Мам 2026
77
77079083821
Аксай, Западно-Казахстанская область
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам КРС
Теңге қолма-қол
бас
18 000 000 тг
Сату
05 Мам 2026
ER
Erdaulet
Шымкент
Күнбағыс күнжарасы Подсолнечный шрот
1000+ 10 000+ 1 000 000+
1000+ 10 000+ 1 000 000+
Келісуге болады
Сатып алу
02 Мам 2026
МB
мельница BEST KOSTANAY
Костанай
Бидай 3 сын Покупаем пшеницу от СХТП на мельницу
АШТӨ
АШТӨ
Келісуге болады
Сатып алу
02 Мам 2026
БА
Баке
Акмолинская , недалеко от Астаны
Бидай 3 сын Пшени
Желімтек 25%
Желімтек 25%
Келісуге болады
Сату
02 Мам 2026
НУ
Нурман
Казахстан
Арпа Продам ячмень в мешках
Келісуге болады
Біздің серіктестер