28 Қазан, 2024 Жаңалықтар
0  

Raiffeisen Waren GmbH Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді жоспарлап отыр

Байтерек Сельхозтехника Raiffeisen Waren GmbH
Raiffeisen Waren GmbH Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді жоспарлап отыр
Фотосурет көзі: Бәйтерек

Raiffeisen Waren GmbH Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының құрастыру өндірісін ашуды жоспарлап отыр. Кездесуде "Бәйтерек" ҰБХ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин мен Raiffeisen Waren GmbH бас атқарушы директоры Марио Зосе инвестициялық жобаны іске асыруды талқылады. Бұл туралы Бәйтеректің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының аумағында Fendt және Valtra техникасын құрастыру бойынша сервистік орталықтар мен зауыт құру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, тараптар қазақстандық фермерлер үшін заманауи ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу және қаржыландыру нұсқаларын қоса алғанда, "ҚазАгроҚаржы" арқылы әріптестікті дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

"Қазақстан мен Германия көптеген жылдар бойы стратегиялық серіктестер болып келеді. "Бәйтерек" холдингі неміс компанияларымен белсенді өзара ынтмақтастықта және бұл ынтымақтастықты, әсіресе агроөнеркәсіптік секторда нығайтуға ұмтылады. Біз Raiffeisen Waren GmbH компанияны Қазақстанда тіркегенін көргенімізге қуаныштымыз - бұл біздің нарықтағы ұстанымдарыңызды одан әрі нығайту және ынтымақтастық үшін маңызды қадам", - деді Рустам Қарағойшин.

Ол сондай-ақ "ҚазАгроҚаржы" Fendt және Valtra сияқты өндірушілердің техникасы мен жабдықтарын лизингке беруде табысты тәжірибесі бар екенін атап өтті. Соңғы 25 жылда ҚазАгроҚаржы арқылы 3,9 млн еуро сомасына 34 бірлік техника берілді.

Raiffeisen Waren GmbH Бас атқарушы директоры Марио Зосе Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру кәсіпорнын құруға қызығушылық білдірді.

Raiffeisen Waren GmbH - сауда және қызмет көрсету саласында 130 жылдан астам тәжірибесі бар компаниялар тобы. Компания қызметінің негізгі бағыттарына агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығы техникасы, құрылыс материалдары саудасы, энергия тасымалдаушылар және жанармай құю станцияларын пайдалану жатады. RW Group тобының штаб-пәтері Кассельде (Германия) орналасқан, ал оның желісі Германия, Дания, Польша, Өзбекстан және Қазақстанда 220-дан астам орынға ие.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
Бүгін
АИ
Акмаль Ибрагимович Юлдашев
Самарканд, Узбекистан
Аммофос Uz-nats-trans-Kompani
1000+
1000+
Доллар
тонна
$ 160
Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Сепаратор Зерноочистительный сепаратор РВС 40,60 т\ч с системой аспирации
ҚҚС-пен теңге
дана
23 600 000 тг
Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Транспортёрное оборудование: Норийное, Скребковое, Шнековое,Конвейерное.
Дәнді дақылдар үшін
Дәнді дақылдар үшін
Келісуге болады
Сату
03 Жел 2025
TOO AgroVir
Костанай, Казахстан
Сепаратор Самоходный зерноочистительный комплекс САД 4-50 т\ч
None
дана
9200000.00
Сату
03 Жел 2025
АН
Анара
Талгар, Қазақстан
Тауықтар Бройлеры живым весом 1200 тг
Етті 100+ 1000+
Етті 100+ 1000+
Теңге қолма-қол
бас
1 200 тг
Біздің серіктестер