Павлодар облысында шөп дайындау төмен қарқынмен жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, тамыздың бірінші онкүндігінің соңында өңірде жоспардың 10% - ы ғана дайындалған. Биылғы жылы аймақтың фермерлері құрғақшылыққа тап болды, ал Ертіс бойындағы жерлердің аздығы жағдайды ушықтыра түсті. Бұл мәселені павлодарлық ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші Қанатбек Үзембаев сауда және интеграция вице-премьер-министрі Серік Жұманғариннің жеке қабылдауында көтерді.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов хабарлағандай, әкімдік тексеріс жүргізіп, облыстың барлық аудандарында ауыл шаруашылығы жерлеріне бөлу үшін резервтік шалғындарды анықтады. Сонымен қатар, мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтарды жемшөпен толық қамтамасыз ету үшін Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен қосымша Тайынша, Ақжар аудандарында және М.Жұмабаев ауданында жем дайындау мәселесі шешілді, деп хабарлады Сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Аймақтағы шөп алқаптарындағы су тапшылығы туралы экология және табиғи ресурстар вице-министрі Галидулла Азидуллин түсініктеме берді. Ол мұндай мәселе биылғы жылы бүйірлік ағынның төмендеуіне байланысты орын алғанын растады. Ертіс бойынша су жіберудің жалпы көлемі жоспарланған 4590 млн текше метрдің орнына 4100 млн текше метрді құрады.
Барлық тараптарды тыңдау қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин экология және ауыл шаруашылығы министрліктеріне Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ету үшін Ертіс бойынша қажетті су өткізу көлемін ұйымдастыру бөлігінде жұмысты жолға қоюды тапсырды. АШМ-ге өңірде жерді суару бойынша жобаларды пысықтауды тапсырды.