17 Сәуір, 2023 Жаңалықтар
0  

Қызылорда облысының ауыл тұрғындарына жеңілдетілген шағын несиелерге 3 млрд теңге бөлінеді

Кредиты Финансы Минсельхоз Посевная 2023
Қызылорда облысының ауыл тұрғындарына жеңілдетілген шағын несиелерге 3 млрд теңге бөлінеді
Фотосуретті түсірген: ҚР АШМ

Қызылорда облысының ауыл халқының табысын арттыру жобасы аясында 3 млрд теңге бөлінеді. 600-ге жуық ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы кооперативтері өз ісін құруға немесе дамытуға жеңілдікті шағын несие ала алады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Ербол Қарашөкеев Қызылорда фермерлерімен кездесуде облыста ӘКК арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша СҚО тәжірибесі таралатынын хабарлады.

Сондай-ақ, Ербол Қарашөкеев егістікке дайындық туралы айтты. Өңірлерге көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 413 мың тонна дизель отыны бөлінді, оның ішінде Қызылорда облысына -12,1 мың тонна белгіленген жеңілдікті баға бойынша. Шымкент МӨЗ-де жөндеу жұмыстары аяқталып, 12 сәуірден бастап оңтүстік өңірлерге дизель отынын жөнелту басталды. Қызылорда облысына 200 тонна ЖЖМ жөнелтілді.

Кездесуде сондай-ақ жер ресурстарын пайдаланудың проблемалық мәселелері, ең алдымен пайшылардың жағдайы көтерілді. Министрдің айтуынша, қазір арнайы Комиссия жұмыс істейді, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Пайшылардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін Комиссия шеңберінде Мәжілісте қаралатын заңнамаға бірқатар түзетулер әзірленді.

"Осы түзетулермен жергілікті атқарушы органдарға пай жерлерінің есебін жүргізу бойынша құзырет беру, сондай-ақ жалпы жиналысты өткізу мерзімдерін белгілеу, жерді кепілге беру кезінде ортақ үлестік меншіктің барлық қатысушыларының нотариаттық келісімін міндетті түрде алу, пайшылардың құқықтарының сақталуын бақылау жөніндегі жер ресурстарын басқару комитетінің құзыретін кеңейту және ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделген ",- деді Ербол Қарашөкеев.

Бұдан басқа, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Биыл еліміз бойынша қосымша 5 млн га ауыл шаруашылығы жерін қайтару жоспарлануда. Өткен жылы Қызылорда облысы бойынша мемлекетке 157,3 мың гектар пайдаланылмаған және заңсыз берілген учаскелер қайтарылды, ағымдағы жылға тағы 200 мың гектар жерді қайтару жоспарланған. Бұл алаңдар, ең алдымен, мал жаю жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ауыл тұрғындары арасында бөлінетін болады.

Қазіргі уақытта облыс әкімдіктері елді мекендердің шекараларын оларға іргелес босалқы жерлерді қосу, жайылымдарды жергілікті халыққа босалқы жерлерден қайта бөлу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарын жайылымдарға айналдыру жолымен кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
03 Қар 2026
ЕР
Ерлан
Уральск
Тауықтар Куры Несушки
10 000+
10 000+
Теңге қолма-қол
бас
2 800 тг
Сатып алу
28 Қаз 2026
МА
Маржан
-
Бидай 5 сын пщеница
Келісуге болады
Сату
12 Қаз 2026
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
Сарыагаш Казахстан
Жүгері Кукуруза зерно
Жүгері Бұршақ дәнділер
Жүгері Бұршақ дәнділер
ҚҚС-сыз теңге
тонна
81 950 тг
Сату
12 Қаз 2026
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
Сарыагаш Казахстан
Кебек Отруби пшеничные пушистые в мешках
ҚҚС-сыз теңге
тонна
52 875 тг
Сату
08 Қаз 2026
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
Сарыагаш Казахстан
Жүгері Кукуруза зерно DAP Сарыагаш KZ
Дәнді дақылдар үшін Жүгері
Дәнді дақылдар үшін Жүгері
Доллар
тонна
$ 210
Біздің серіктестер