14 Маусым, 2024 Жаңалықтар
0  

Қазақстанда швейцариялық компания Аграрлық қор құруды жоспарлап отыр

INOKS Capital Инвестиции KAZAKH INVEST
Қазақстанда швейцариялық компания Аграрлық қор құруды жоспарлап отыр
Фотосурет көзі: KAZAKH INVEST

INOKS Capital швейцариялық компаниясы Қазақстандағы инвестициялық қызметті кеңейтуге, оның ішінде аграрлық қор құру және инвестициялар туралы келісім жасасу жолымен мүдделі. Бұл туралы компанияның бас директоры Набиль Марк Абдул-Масих ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұловпен кездесуде мәлімдеді.

KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, INOKS Capital өкілдері компанияның қолданыстағы инвестициялық жобаларды кеңейту жоспарлары туралы айтып берді. Олардың қатарында қарқынды бақтар құрудың екінші кезеңі, құрама жем зауытын кеңейту, сондай-ақ Жамбыл өңіріндегі қант зауытын жаңғырту бар. Компания шикізатты жергілікті және шетелдік нарықтардан сатып алуды жоспарлап отыр. Жоспарланған инвестициялардың көлемін ескере отырып, компания инвестициялар туралы келісімге қол қою мүмкіндігін қарастыруда.

Ғабидолла Оспанқұлов компанияның жоспарларын қолдап, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялық штабтың жұмысы туралы айтты.

"Біздің жұмысымыздың бір бағыты шетелдік инвесторларды қолдау болып табылады. Штаб құрылымының арқасында бізде туындайтын барлық сұрақтарға жедел ден қоюдың бірегей мүмкіндігі бар. Штаб қабылдаған шешімдер міндетті болып табылады. Біз сондай-ақ Қазақстанда инвесторлардың жобаларын неғұрлым ыңғайлы сүйемелдеу үшін нормативтік құқықтық базаны жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді Ғабидолла Оспанқұлов.

Швейцариялық INOKS Capital компаниясы ТМД және Африка елдерінің дамушы нарықтарының өңдеу секторларында жобаларды іске асыруда. 2020 жылдан бастап компания Қазақстанның аграрлық өнеркәсібінде бірнеше жобаны жүзеге асырды. Олардың ішінде Алматы облысында жеміс бақтарын құру, сондай-ақ "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА-да құрама жем өндіру зауыты бар. Қазіргі таңда компания Qazaqstan Investment Corporation компаниясымен аграрлық қор құру бойынша келіссөздер жүргізуде.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Ищу исполнителя
Бүгін
КУ
Куаныш
-
Установка и монтаж оборудования Ищу поставщиков оборудования для МТФ
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ
Келісуге болады
Сату
01 Ақп 2026
ПР
Продавец
Кокшетау, Казахстан
Сүтті табынның жас ІҚМ Оптом и в розницу Плем телята телочки и бычки
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
200 000 тг
Сату
01 Ақп 2026
ДА
Данил
Аршалы, Акмолинская область, Казахстан
Етті табынның жас ІҚМ Продам Крупный рогатый скот КРС
ІҚМ
ІҚМ
Теңге қолма-қол
бас
100 000 тг
Сатып алу
29 Қан 2026
Azamat
Караганда, Казахстан
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары Куплю овес семена сорт Скакун
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Құжаттармен Овес Жемшөп дақылдары
Келісуге болады
Предоставляю услуги
29 Қан 2026
MY
Mukayev Yerkin
-
Перевозки автотранспортом УСЛУГА-🌾🌾Зерновоз Шакман 🚚 с прицепом ( боковал )
Келісуге болады
Біздің серіктестер