18 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
0  

ШҚО-да дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 20 ц/га-дан асады

Айдарбек Сапаров Урожай 2024 Растениеводство
ШҚО-да дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 20 ц/га-дан асады
Фотосурет көзі: ҚР АШМ

Шығыс Қазақстан облысында астық алқаптарының 84,6%-ы жиналды, 472,1 мың тонна астық бастырылды. Өнімділік орташа есеппен 22 ц/га құрайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ШҚО-ға жұмыс сапарымен барды. Ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесуде министр ағымдағы жылы көктемгі егіс жұмыстары мен егін жинау науқанын жүргізуге қаржыландыру 580 млрд теңгені құрағанын атап өтті. Бұл қаражат заманауи агротехнологиялар мен тыңайтқыштарды қолдануға бағытталған. Мәселен, өткен жылы жыл бойына 679 мың тонна тыңайтқыш енгізілсе, қазіргі уақытта ғана 1,2 млн тонна сатып алынды.

"Агротехнологияларды енгізудің тиімділігін өзіңіз көріп отырсыз. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша алаңдардың 48%-ы жиналды. Орташа өнімділік 15 ц/га құрайды. Қазір ең бастысы егін жинау жұмыстарын оңтайлы мерзімде сапалы және шығынсыз жүргізу", - деді Айдарбек Сапаров.

Шаруалар дизель отынын бөлу нормативтеріне, дәнді дақылдарды сатып алу бағасына, тұқым және балық шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарды қолдау шараларына қызығушылық танытты. Атап айтқанда, "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" ЖШС Бас директоры Фарид Абитаев отандық тұқым шаруашылығын қолдау шараларын күшейтуді сұрады.

"Тұқым шаруашылығын дамыту бойынша кешенді жоспар қабылданды, оны қайта қарап, отандық тұқым шаруашылықтарын қолдау үшін түзетулер енгізетін боламыз. Бірақ сіз тұқымның сапасын қамтамасыз етуіңіз керек. Қазір тұқымның 70% субсидияланады, гербицидтер 50%, тыңайтқыштар - 60%, техника - 30%, сүт тапсыру 20-дан 45 теңгеге дейін, ет те солай. Жалпы, шаруашылықтар жақсы мемлекеттік қолдау алуда, бірақ аграрлар да өз қаражаттарын салуы тиіс", - деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ, ол бизнесті әлеуметтік жауапкершілікті көрсетуге шақырды: халыққа, қызметкерлерге қолдау көрсету және жағдай жасау, әлеуметтік нысандар салу, инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.
Біздің серіктестер