16 Мамыр, 2023 Жаңалықтар
0  

Қазақстандық өнімдермен стендтер Қытайдың супермаркеттерінде пайда болады

Китай KazakhExport Экспорт
Қазақстандық өнімдермен стендтер Қытайдың супермаркеттерінде пайда болады

"Ухань Ханьоу" халықаралық логистикалық компаниясы (Wuhan Asia Europe Logistics Co.) Қазақстаннан азық-түлік өнімдерін импорттауға және оларды Қытайдың Хубэй провинциясындағы сауда желілері арқылы сатуға ниетті. Компания ынтымақтастық жөніндегі жоспарларды KazakhExport ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясымен меморандумда бекітті. Тараптар қазақстандық өнімді Қытай нарығына жылжыту бойынша іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға келісті, деп хабарлады KazakhExport.

"Ухань Ханьоу" меморандумына сәйкес қазақстандық өнімдерді Хубэй провинциясының сауда желілерінде тақырыптық бөлімдер арқылы, қазақ ұлттық стилінде мамандандырылған стендтер орната отырып сататын болады. Бұдан басқа, компания қазақстандық тауарлар мен KazakhExport мүмкіндіктерін ел аумағында ілгерілетуде қолдауды қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде KazakhExport отандық өндірушілермен байланыс орнатуға және импорттаушыларды қызықтыратын өнімді іздеуге жәрдемдеседі. Сондай-ақ, ұлттық компания қазақстандық экспорттаушылар үшін қажетті сақтандыру мен қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Ағымдағы күні ҚХР-ға май өнімдерін, тамақ өнімдерін, макарон өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, сусындар мен басқа да тауарларды жеткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

"Стратегиялық құжат Қазақстан мен Қытай компаниялары арасындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға, тығыз коммерциялық қатынастарды дамытуға және Қытайға дайын қазақстандық өнімнің шикізаттық емес экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған", - деді ҚХР-дағы KazakhExport өңірлік директоры Сергей Салманов.

"Ухань Ханьоу" - Han Xin Ou халықаралық маршруттық пойыздарға арналған ҚХР мемлекеттік теміржол жүк платформасы. Компанияның Хубэй провинциясының ондаған қалаларында заманауи әмбебап дүкендері, сауда орталықтары, супермаркеттері бар, Қытайға импорттау маршрутында өзінің көлік логистикасы және кең тарату желісі бар. Компанияны Ухань Үкіметі субсидиялайды және "Бір белдеу – бір жол" саясатының мүшесі болып табылады.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
Кеше
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Бройлер балапандары
Етті
Етті
Теңге қолма-қол
бас
450 тг
Сату
Кеше
ИЕ
ИП ЕрАс
Шымкент, Абайский район Туркестанская область
Тауықтар Несушка Балапан Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Жұмыртқалы Ломан Браун
Теңге қолма-қол
бас
1 500 тг
Сатып алу
Кеше
Т«
ТОО «Prestige Astyq Trade»
Акмолинская обл элеватор Жасыл
Қоңыр зығыр Закуп льна
ЖШС ШҚ
ЖШС ШҚ
Келісуге болады
Сату
Кеше
ДИ
Диана
Кокшетау, Казахстан
Көк жасымық Продаю зеленую чечевицу (тарелочная)
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
1000+ ҚҚС-мен ЖШС
Келісуге болады
Сату
19 Нау 2026
МЕ
Менеджер
Караганда, Казахстан
Астықты өңдеуге және сақтауға арналған жабдық Автомобильные и вагонные (ЖД) весы
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
Дәнді дақылдар үшін Жемшөп дақылдары
ҚҚС-пен теңге
дана
8 500 000 тг
Біздің серіктестер