23 Мамыр, 2024 Жаңалықтар
0  

Түркістандық фермерлерге суармалы су тарифі төмендетілді

Орошение Туркестанская область
Түркістандық фермерлерге суармалы су тарифі төмендетілді

Ағымдағы жылдың басында аграрлардың өтініші бойынша су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов "Қазсушар" филиалдарына фермерлермен делдалдарсыз тікелей шарттар жасасуды тапсырды. Нәтижесінде Түркістан облысының шаруалары үшін суармалы судың бағасы биыл 38% - ға дейін төмендеді. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Егер бұған дейін топырақты жууға арналған судың құны 1 гектар үшін 6 мыңнан 7 мың теңгеге дейін болса, биыл ол 1 гектар үшін 4282 теңгені құрайды. Осылайша, Түркістан облысының шаруалары үшін суармалы су құнының төмендеуі орта есеппен 28%-дан 38%-ға дейін құрады", - деп хабарлады ведомстводан.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл Түркістан облысы бойынша "Қазсушар" филиалы аграрлармен су беру туралы 6160 шарт жасасқан. Мақтаарал және Жетісай аудандары бойынша 111,1 мың гектар алқапқа 2825 шарт, Шардара ауданы бойынша – 41,3 мың гектар егіс алқабын суаруға 1280 шарт жасалды.

"Осы жылдан бастап еліміздің оңтүстігіндегі бірқатар фермерлер үшін суармалы су беру қызметтерінің құны төмендеді. Суармалы кезеңге дайындық үшін "Қазсушар" тұтынушылармен тікелей шарттар жасасуда, бұл делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді. Тиісінше, қызметтердің құны да арзандауда. Жалпы, "Қазсушар" суару кезеңінде 19 мыңнан астам аграрлармен су беру туралы шарттарға қол қоюды жоспарлап отыр", – деп атап өтті су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
03 Қар 2026
ЕР
Ерлан
Уральск
Тауықтар Куры Несушки
10 000+
10 000+
Теңге қолма-қол
бас
2 800 тг
Сатып алу
28 Қаз 2026
МА
Маржан
-
Бидай 5 сын пщеница
Келісуге болады
Сату
12 Қаз 2026
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
Сарыагаш Казахстан
Жүгері Кукуруза зерно
Жүгері Бұршақ дәнділер
Жүгері Бұршақ дәнділер
ҚҚС-сыз теңге
тонна
81 950 тг
Сату
12 Қаз 2026
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
Сарыагаш Казахстан
Кебек Отруби пшеничные пушистые в мешках
ҚҚС-сыз теңге
тонна
52 875 тг
Сату
08 Қаз 2026
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
АО Новгородское Зерновое Предприятие 28
Сарыагаш Казахстан
Жүгері Кукуруза зерно DAP Сарыагаш KZ
Дәнді дақылдар үшін Жүгері
Дәнді дақылдар үшін Жүгері
Доллар
тонна
$ 210
Біздің серіктестер