Жақсы ауа-райының арқасында Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлерінде 27 қыркүйектегі жағдай бойынша 13 млн гектарға жуық егістік немесе 75% жиналды. Дәнді дақылдарды толық жинауды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Алда майлы дақылдарды жинау. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен егін жинау науқаны бойынша оперштабтың кезекті отырысы өтті. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, 27 қыркүйекте элеваторларға 3,376 млн тонна астық, оның ішінде 2,476 млн тонна бидай түскен. Бидайдың жалпы көлемінен 1,4 млн тонна - 3--класты астық (56,2%), 701,4 мың тонна – 4-класты (28,3%), 263,1 мың тонна - 5-класты (10,6%). Түскен арпаның 95%-ға жуығы 2-класты астық.
"4-5 класты бидай жинауды ұлғайту перспективаларын ескере отырып, фермерлер бұл астыққа форвардтық сатып алу бағасын мүмкіндігінше ертерек айтуды сұрауда. Серік Жұманғарин Азық-түлік корпорациясына келесі аптада форвардтық сатып алу бағасын жариялауды тапсырды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, негізгі астық егетін өңірлерге астық кептіру кешендерінің жұмысы үшін арзандатылған сұйытылған газ жеткізу басталды. Астықты жинауға және кептіруге дизель отынын жөнелту жеткізу жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
Күзде топыраққа енгізу үшін қажетті минералды тыңайтқыштарды жөнелту барысын бөлек қарастырдық. Жалпы орындалу жоспары 84% болған кезде жөнелту төмен қарқынмен жүретін аймақтар бар. Вице-премьер фермерлерге тыңайтқыштарды белгіленген мерзімде енгізуге уақыт беру үшін процесті жеделдетуді тапсырды.