02 Ақпан, 2023 Жаңалықтар
0  

Болат Назарбаевтан 300 мың гектар жер тәркіленді

Қазақстан
Болат Назарбаевтан 300 мың гектар жер тәркіленді
Фото көзі: ElDala.kz

Болат Назарбаев компанияларына тиесілі 300 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы ElDala.kz AMANAT партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

AMANAT партиясы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Еран Саиров мәлімдегендей, бүгінгі таңда мемлекетке Маңғыстау облысында 239 мың га және Жамбыл облысында 60 мың га жер қайтарылды, олардың меншік иесі Болат Назарбаевтың еншілес компаниялары болды. Бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесе отырып, аумағы 244 га болатын 59 жер учаскесі анықталған болатын, олардың меншік иесі күмәнді жағдайларда Болат Назарбаев болды.

"Біздің партиямыздың басты миссиясы - мемлекетке заңсыз жеке қолына өткен ұлттық байлықты қайтару. Біз бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізетін боламыз. Тегінің "дворяндығы", бұрынғы еңбегі және әмиянның қалыңдығы әділеттілікті қалпына келтіруге кедергі емес. Халықтан алып қойды ма? Қайтарады", - деді Еран Саиров.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Қазақстанда мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе заңды бұза отырып берілген 5,2 млн га ауыл шаруашылығы жерлері тәркіленді. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 5 млн гектар жерді алып қою жоспарлануда.

Бұдан басқа, үкімет бір азаматтың немесе бір шаруашылықтың уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті мөлшерін бекітті. Көлемі аймаққа байланысты өзгереді, бірақ жалпы заңды тұлғалар үшін 51 мың гектардан, ал шаруа қожалықтары үшін – 35 мың гектардан аспайды.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер